Ресейде әскерге алынғандарды 65 жасқа дейін сапта қалдыру ұсынылды
МӘСКЕУ. 8 ақпан. Ресей қорғаныс министрлігі армияға 2022 жылдың күзінде алынған жүздеген жауынгердің армияда болатын шекті жасын ұлғайту жөнінде заң жобасын дайындады. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Құқықтық ақпарат порталында жарияланған құжатқа қарағанда, «мобилизация бойынша әскерге шақырылғандар» үшін жоғары жасты шек 65-ке дейін барғалы тұр. Демек, олар соғыстарда қаза тауып тынбай, үйлеріне қайтпайды. Ал жоғары шенді офицерлердің (генерал-полковник пен адмиралға дейін) шекті жас 70-ке дейін көтеріледі.
Мұндағы мақсат армияны бір деңгейде ұстап тұру үшін оны адаммен жабдықтап тұруды жүзеге асыру екен. 2022 жылдың тамызында Владимир Путин РФ қарулы күштері құрамын 2,039 млн адамға дейін арттыру керектігі жөнінде жарлық берді. Бұлардың 1,15 миллионы тікелей әскери қызметкерлер болуға тиіс екені айтылды.
Путин 2023 жылғы желтоқсанда армия қатарын тағы 170 мың адамға арттыру жөнінде бұйрық берді.
Қорғаныс министрлігінің жобасы жақын күндерде Мемлекеттік думада қаралады. Оның бірінші оқылымы 22 ақпан күні болады. Мұны төменгі палата қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картополов айтты.