25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Странджа турнирінде қазақтың алғашқы 6 боксшысы түгел жеңіс жетті

7 Ақпан 2024 17:51
- Жаңалықтар, Сайыс
Странджа турнирінде қазақтың алғашқы 6 боксшысы түгел жеңіс жетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СОФИЯ. 7 ақпан. Болгарияның байтағы София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогінде» қазақтың алғашқы 6 боксшысының бәрі жеңіс тойын тойлады, әзірге жеңіліс жоқ. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Биыл 75-ші мәрте жалау көтерген халықаралық турнирге әлемнің 28 елінен 178 былғары қолғап шебері қатысып жатыр.

Ел аузында «кіші әлем чемпионаты» деген ат алған беделді турнирн 4 ақпан күні 1/16 финалдық іріктеу сайыстарынан басталды. Осы күні қазақстандықтар сапынан рингке көтерілген 4 боксшы да қарсыластарынан басым түсті. Біздің спортшылар арасынан таңертеңгі сессияда бірінші болып бағын сынап көрген Руслан Күзеубаев 60 келіге дейінгі салмақтағы грузиялық қарсыласы Артюш Гомцианиді 4:1 етіп тізе бүктірді. Бұдан кейін 67 келіге дейінгі салмақтағы Дулат Бекбауов болгар Благовест Неделчевпен өткен тартысты бәсекеде таразы басын өзіне аудара білді, есеп – 3:2. Кешкі сессияда 54 келіге дейінгі салмақтағы Дәулет Молдашев қырғыз Руслан Эрнест уулын 4:1 есебімен сүріндірді. Соңынан 80 келіге дейінгі салмақтағы Тұрсынбай Құлахмет болгар Николай Дишковты бет қаратпай ұтты – 5:0!

Ақпанның 5-і күні бізден бір боксшы ғана шаршы алаңға шықты. Ол – 57 келіге дейінгі салмақтағы Оразбек Асылқұлов (суретте) украин Владислав Стасты айқын басымдықпен (5:0) жарыс жолынан шығарып тастады. Бір айта кетерлігі, бұл күні 54, 57, 60, 75 келіге дейінгі салмақтардағы жігіттер өздерінің 1/8 финалдағы сайыстарын өткізді. Осылайша Оразбек ширек (1/4) финалға жолдама алды.

Ақпанның 5-інде де біздің жалғыз боксшы – 63,5 келіге дейінгі салмақтағы Ерасыл Таңқай болгар Красимир Джуровты еш қапысыз ұтты – 5:0! Ол да ширек финалға шықты.

Турнирде 10 ақпанда – жартылай финалдық, 11 ақпанда финалдық шайқастар өтеді.

«Странджа Кубогы» жарысына Украина – 21, Өзбекстан – 19, Болгария – 18, Грузия – 14, Үндістан – 13, ал Қырғызстан 11 боксшысын қосты. Бізден 10 былғары қолғап шебері барды.

Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:

51 кг. Санжар Тәшкенбай;

54 кг. Дәулет Молдашев;

57 кг. Оразбек Асылқұлов;

60 кг. Руслан Күзеубаев;

63,5 кг. Ерасыл Таңқай;

67 кг. Дулат Бекбауов;

71 кг. Талғат Шәйкен;

75 кг. Нұрқанат Райыс;

80 кг. Тұрсынбай Құлахмет;

86 кг. Абзал Құттыбеков.

Команданы бастап барған – құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Таңбалар: боксБолгарияСофияСтранджа

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist