Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір мекемедегі ескерткіші алынып тасталды
Ұлттық музейдегі ескерткіштің орны қазір осындай
АСТАНА. 1 ақпан. Қазақстанның дәсәуілгі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір мекемедегі – Ұлттық сузейдегі ескерткішіне зобалаң тиді. Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық музейдегі ескерткіші алынды. Ескерткіш «Атриум» тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», – делінген хабарламада.
«Атриум» тарихи-хронологиялық кезеңдеу логикасына және залдардың тақырыптық-экспозициялық мазмұнына бағынатын музей экспозициясының сценографиясы тұрғысынан маңызды.
Айта кеткен жөн, алдағы уақытта «Тәуелсіз Қазақстан» залының реэкспозициясы бойынша жұмыстар жүргізіледі, онда қазіргі тарихи кезеңнің маңызды оқиғалары толық қамтылмақ. Мұнда 2014 жылдан бері жаңарту жасалмаған екен.
«Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақталады», – делінген Ұлттық музей таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұдан біршама уақыт алдын Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алында тұрған ескерткіші алынып тасталған болатын.
Айтқандай, өзінің көзі тірісінде өзіне ескерткіш орнаттырып қойған көсемдер кешегі кеңестік жүйеден шыққан Сталин бастаған делқұлы диктаторлар арасында ғана кездеседі.