25 Тамыз, 20:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Астрахан тұрғыны: Астрахан – қазақтың жері, оны Ресейден тартып алыңдар!

26 Қаңтар 2024 16:03
- Жаңалықтар, Тіршілік
Астрахан тұрғыны: Астрахан – қазақтың жері, оны Ресейден тартып алыңдар!
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТРАХАН. 26 қаңтар. Ресейдің Астрахан қаласының тұрғыны Сергей Т. облыстың ежелден қазақтың жері екенін айтып, қазақтарды оны Путиннен алып қоюға шақырды. Бұл туралы «Украина 365» арнасы ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астрахандық орыс жігіті мұны роликке жазып, әлеуметтік желіде таратты. Ол өзінің сөзінде Астраханның қашаннан Қазақстан территориясы болып табылатынын мәлімдеді. Бұған қоса, қазақтарды қазіргі алмағайып уақытты пайдаланып, өңірді «Путиннің фашистік билігі» уысынан босатып алуға шақырды.

«Астрахан ежелден қазақтардың жері болып табылады, оны Путиннің фашистік билігінен азат етіңдер», – дейді жас жігіт микрофон алдында.

Осыған байланысты РФ-да оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, өзіне іздеу жарияланды. Құқық қорғау органдары бұл әрекетті терроризмге шақыру деп бағалады. Демек, жігітті 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Бұған жігіт соңынан желіден өзі алып тастаған ролик айғақ болып саналады.

Роликтің өзі Грузия жерінде түсірілген сияқты. Алайда Кремльдегілер Сергей қазір «Орыс еріктілер корпусы» («Русский добровольческий корпус») немесе «Ресейдің азаттығы» («Свобода России») жасақтарының құрамында украиндар жағында РФ-ға қарсы соғысып жүрген болуы мүмкін деген болжам білдіреді. Себебі, оның өзі роликте «біздің адамдар» қазір Белгород жерін «Путиннің жетесіздерінен» босата бастады» деген хабардың ұштығын шығарып қояды.

Сергей роликте Қазақстан жұртына көбірек салмақ сала отырып, Путин «біздің жерімізді құртып бітті» дегенге ойысады. Бұдан бөлек, рашистер фюрері өзінің саясатында бір ғана «жетістікке» жетті – қарттарды, балаларды және қарапайым адамдарды «нәжіске белшелерінен батырып қойды» дегенді айтады.

Сергейдің арнасына 3 мың адам жазылған екен.

 

Таңбалар: Астраханқазақ жеріСергей

Ұқсас мақалалар

Батырларымыз дін үшін соғысты деген актер енді сот алдында жауап береді
Жаңалықтар

Батырларымыз дін үшін соғысты деген актер енді сот алдында жауап береді

30.07.2024
«Қазақ жерлерінде Ресейдің иісі де болған жоқ» – Қазақстан Ресейге жауап берді
Жаңалықтар

«Қазақ жерлерінде Ресейдің иісі де болған жоқ» – Қазақстан Ресейге жауап берді

03.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist