Ресей бүгін Киевті, Харьковты және Павлоградты ракетамен атқылады
КИЕВ. 23 қаңтар. Бүгін таңертең Ресейдің оккупациялық армиясы Украинаның бірнеше қаласын қанатты ракеталармен соққының астына алды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Нәтижесінде 4 бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Украина Әуе күштерінің мәліметіне қарағанда, Х-59, Х-101 және Х-555 ракеталары Каспий теңізі ауданындағы Ту-95МС, сондай-ақ Мурманск облысының Оленья және Калуга облысының Шайковка аэромдарындағы Ту-22М3 ұшақтарынан жіберілген.
Жарылыстар Киев, Харьков және Павлоград қалаларында орын алған. Шабуылдың салдарынан украин астанасының бірнеше ауданындағы тұрғын үйлерге зақым келген. Соның ішінде Святоша ауданында жарылмай қалған ракета пәтерлердің біріне келіп түскен. Құтқарушылар ол үйде тұратын адамдардың бәрін эвакуация жасаған. Печора ауданында бір үйде өрт шыққан.
Киев қаласының мэрі Виталий Кличко жалпы саны 9 адамның зардап шекенін айтады, олардың бірі 13 жасар бала болып тұр.