19 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Арыстанбектің әйелі мен адвокатының үстерінен сот процесі басталды

20 Қаңтар 2024 21:44
- Жаңалықтар, Оқиға
Арыстанбектің әйелі мен адвокатының үстерінен сот процесі басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 20 қаңтар. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйеліне және заңгеріне қатысты процеске кірісті. Бұл туралы «Курсив.кз» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Әңгіме бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның әйелі Ғалия Ысқақова және экс-министрдің адвокаты Мұқтасым Төлеев жайында болып отыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға сотталды. Арада бірнеше апта өткеннен кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталғанын жария етті. Ал министрдің мүддесін қорғаған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу әрекетін жасады деген күдікке ілінді. Соның нәтижесінде Мұстақым Төлеев қамауға алынды.

Агенттіктің хабарлауынша, адвокат Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінен пара ретінде 460 мың доллар алған. Оны сот органдарының лауазымды тұлғаларына бермекші болған. Осы арқылы айыпталушының жазасын жеңілдетуге және қамаудан босатуға әсер етуді көздеген.

2024 жылдың қаңтарында қылмыстық іс сотқа түсті. Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа оқталу), 367-бабы 4-бөлігі (пара беру) бойынша іске тартылды. Ал Ғалия Ысқақова 368-баптың 1-бөлігі (парақорлыққа делдал болу), Мұстақым Төлеев 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша жауапқа алынды.

Алдын ала сот тыңдауында адвокат Ғалия Ысқақоваға қатысты «үйқамақта ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын «елден шықпауға келісімге» ауыстыруды сұрады. Алайда сот адвокаттың өтінішхатын қанағаттандырмады.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы (әу бастағы шын ата-тегі – Әлиев) мен оның сыбайластарына қатысты жаңа іс аясында сот талқылауы жалғасты. Сотта тағы екі эпизод – «Дипломат» мейманханасын рейдерлік жолмен тартып алу мен «Алтын адам шеруі» көрмесін өткізу кезіндегі билігін асыра пайдаланушылығы қоса қаралып жатыр.

Еске сала кететін тағы бір жайт, өткен жылы 20 маусымда өткен сот үкімі бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге Алмаз Нұразханов, Азамат Көшенов және Айым Сәдуақасова сотталды. Олардың әрбірі 7 жылдан түрмеде отыру жазасына кесілді.

Прокурор Олжас Хайруллаевтың айтуынша, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» отелінің иесі, кәсіпкер К. заң органдарына шағым айтып жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71 пайызын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол мейманхананы толық иемденіп алмақ болған.

Таңбалар: Арыстанбек МұхамедиұлыҒалия Ысқақовапарасот

Ұқсас мақалалар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды
Жаңалықтар

Түркістан облысында тойда діни уағыз айтқан тұрғынның ісі сотқа жолданды

08.09.2026
Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты
Жаңалықтар

Зорланғанын айтқан қыздың арызын қараусыз қалдырған полицейге сот үкімі шықты

31.07.2026
Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды
Жаңалықтар

Симоньянға қастандық жасаушылардың алды 20 жылға сотталды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist