13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазалы теміржол тарихи вокзалы жаңарған қалыпта пайдалануға берілді

28 Маусым 2026 17:59
- Аймақ, Жаңалықтар
Қазалы теміржол тарихи вокзалы жаңарған қалыпта пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ӘЙТЕКЕ БИ. 28 маусым. Бүгін Қызылорда облысындағы Қазалы станциясы вокзалының тарихи ғимараты қайта жаңғыртылып, қатарға қосылды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған арналған салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Искалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытудағы бастамалар, оларды жүзеге асырудың маңыздылығы туралы әңгімеледі.

«Сыр өңірі тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан аймағымыздан халықаралық және өңіраралық теміржол бағыттарымен мыңдаған жолаушы, шетелдік туристер қатынайды. Бүгін біз ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол вокзалын ресми түрде іске қосамыз. Күніне 350 жолаушы келіп-кететін, аумағы 8 860 шаршы метр ғимарат 1 млрд. 290 млн.теңгеден астам қаржыға қайта жаңғыртылды. Жаңа нысанда аудан тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіледі деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Ашылу салтанатында Марат Искалиев, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов құттықтау сөзін сөйледі.

Шара соңында теміржол саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылып жатыр.

Қызылорда облысының аумағындағы вокзалдар өткен ғасырдың басындағы «Орынбор-Ташкент» магистралі жүргізілген кезеңде салынған. Тарихи ғимараттарды жаңғыртылатын нысандар тізіміне енгізу сол кездегі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен жүзеге асты. Барлық аудан орталығындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы вокзалдарды, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасын жаңғыртуға 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Қазалы теміржол вокзалы – жай нысан емес, ғасырлық тарихтың куәсі, ауданның өсіп-өркендеу жолындағы маңызды символдардың бірі. Іргетасы ХХ ғасырдың басында Ақирек тауынан қашалып, түйе керуенімен жеткізілген тастан қаланған екен. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен өрілген. Ерекше сәулетімен дараланған бұл ғимарат 1980 жылы архитектуралық ескерткіш ретінде арнайы есепке алынған.

Бүгінде Қазалы ауданының аумағында 91 шақырым теміржол желісі бар, тәулігіне 12 жолаушылар пойызы өтеді.

Соңғы рет 2013 жылы жөндеуден өткен. Былтыр сәуір айында «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қаржыландыруымен  «Бақ Береке» ЖШС ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын күшейтіп, шатырын толық жаңартты. Есік-терезелерін ауыстырып, күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасалып, қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт бар. Аумағы абаттандырылып, жаңа келбетке ие болды. Маңындағы инфрақұрылымды жақсарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл қаңтар айында теміржол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.

Осылайша Әйтеке би кентінің теміржолдың арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғыны үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынау мүмкіндігі жасалды.

Таңбалар: ғимаратжаңартылуҚазалы вокзалы

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің ғимараты өртеніп жатыр
Жаңалықтар

Ақтөбеде облыстық әкімдіктің ғимараты өртеніп жатыр

07.04.2026
Назарбаев қоры Алматы филиалының ғимаратын мемлекетке қайтарды
Жаңалықтар

Назарбаев қоры Алматы филиалының ғимаратын мемлекетке қайтарды

10.01.2024
Дондағы Ростовта Ресей шекара әскерлерінің ғимараты отқа оранды
Жаңалықтар

Дондағы Ростовта Ресей шекара әскерлерінің ғимараты отқа оранды

16.03.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

  • Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist