25 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстаннан анасын таппаған қазақ баласы Испанияға қайтып кетті

1 Қаңтар 2024 16:02
- Әлеумет, Жаңалықтар
Анасын таппаған қазақ баласы қайтадан Испанияға қайтып кетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 1 қаңтар. Испаниядан Қазақстанға анасын іздеп, таба алмаған Жәнібек есімді 21 жастағы жас жігіт (қазіргі құжатында Эдди Жан – ред.) өзі қазір тұрып жатқан Испанияға қайтып кетті. Бұл туралы «Халық үні» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол ұшар алдында әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Онда былай деп жазылған:

«Құрметті қазақстандықтар! Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! Достар, менің визамның уақыты аяқталды. Енді туған жерден кетуім керек. Бірақ мен жақын арада қайтып келемін. Мен туған анамды іздеуді тоқтатпаймын. Кеше Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабарының редакциясына менің атымнан сот отырысына қатысуға, маған қатысты кез келген мәлімет алуға, менің атымнан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бердім».

Жәнібек Қазақстанға келгенде анасын іздеуге көмектескен барша азаматқа алғыс айтты. Сонымен бірге ол өзі үшін қиын күндердің болғанын да жасырмады.

«Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер. Мен үшін тым ауыр күндер болды. Енді мен өз-өзіме келу үшін өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім. Сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын. Бірер күн Таиландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті айта алмаймын. Бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты…Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. @kymbatdoszhan & @asel_asqarqyzy сіздер іздей беріңіздер! Алда көп жаңалық болады деп сенемін», – деп жазды Жәнібек.

Ол әр қазақтың баласының өзіне бауыр екенін түсінгенін айтты.

«Қазақстаным, рахмет саған, туған ел! Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!», – деп жазды Жәнібек.

Еске сала кетейік, бұған дейін бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласының Қазақстанға келіп, анасын іздейтіні туралы журналист Олжас Беркінбаев өзінің Facebook-тегі парақшасына жазған еді. Бұдан кейін бұл ақпарат БАҚ-та тарап, іске бүкіл ел араласып кетті.

Қазір Жәнібек Испанияның Мальорка аралында тұрады. Ол өзін «Мұрат» деп атағанды жақсы көреді.

Таңбалар: анаЖан ЭддиЖәнібекиспания

Ұқсас мақалалар

Тоқаев Испания Королін ел құрамасының әлем чемпионы атануымен құттықтады
Жаңалықтар

Тоқаев Испания Королін ел құрамасының әлем чемпионы атануымен құттықтады

20.07.2026
ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды
Жаңалықтар

ӘЧ-2026: Испания финалда Аргентинаны ұтып, екінші мәрте чемпион атанды

20.07.2026
Мерино тағы да Испанияны құтқарды, бұл жолы жартылай финалға алып шықты
Жаңалықтар

Мерино тағы да Испанияны құтқарды, бұл жолы жартылай финалға алып шықты

11.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist