Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Анасын іздеп жүрген қазақ баласы өмірінде үлкен өзгерістер боларына сенеді

АСТАНА. 26 желтоқсан. Испаниядан туған анасын іздеп Қазақстанға келген қазақ баласы жақында өз өмірінде үлкен өзгерістер болатынына қатты үміт артып отыр. Бұл туралы «Халық үні» дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ертеректе бельгиялық әйел асырап алған 21 жастағы Эдди Жан әлеуметтік желіде анасын іздеу жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып, тағы да жазба жариялады.

Өмірге келген кезінде оған «Жәнібек» деген ныспы беріліпті. Алайда қазір Эдди Жан қазір өзін «Мұрат» ретінде атап жүр. Айтуынша, туған анасын іздеуіне «Көреміз» бағдарламасы көп көмектескен.

«Олармен бірге мен өзімнің туған жеріме тұңғыш рет барып, отанымды көруге мүмкіндік алдым. Осылайша біз Қостанайға барып, анамды іздеу үшін ұзақ жолға шықтық. Ал соңғы аптада мен Қазақстанның мегаполисі – Алматыда болып қайттым. Республикалық арнада телебағдарламаға қатысып, көптеген жақсы жандармен таныстым. Бағдарлама барысында «менің анам болуы мүмкін деп болжанып отырған» бір азаматшадан сынама алынды. Негізі, екі ДНК сынаманың нәтижесін күтудеміз, бұның алдында Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» бағдарламасының көмегімен тағы бір азаматша ДНК сынама тапсырды. Сонымен достар, жақында менің өмірімді өзгертетіндей үлкен жаңалықтар болуы мүмкін. Ал мынау видео еліміздің әсем қаласы мен жүрегі – Астанаға қайтып келе жатқанда түсірілген. Бұл постты жазуымның негізгі себебі: Жақында менің өмірім жайлы шығарылым эфирге жол тартпақ. Оны барлығы үлкен теледидардан немесе ютуб арнасынан көруіне болады», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Мұрат қазір анасынан хабар шықпаса да, үмітін үзбейтінін айтады.

«Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, мұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Менімен бірге дұғада болған әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын. Бұл іздеу әлі аяқталған жоқ. Мен Анамды сіздердің көмектеріңізбен табамын. Рақмет сіздерге», – дейді ол.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button