Молдова РФ мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын бұғаттап тастады
КИШИНЕУ. 25 қазан. Молдованың қауіпсіздік және ақпарат қызметі (SIS) Ресейдің мемлекеттік насихатын тарататын ақпарат құралдарының сайттары жолдарын жапты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сөйтіп, бірден 22 сайт бұғатталды. Олардың барлығы дерлік Кремльдің бақылауынлағы пропагандистік медиалар.
Бұғаттауға «Россия 1», «Россия 24», «Первый канал», НТВ, ТВЦ, «Звезда», Рен ТВ, «Мир», Пятый канал, «Москва 24», «360», «Спас», «Царьград» секілді телеарналар порталдары кірді. Мұндай тыйымға RT ресурстары , «Маяк» радиосы, «Вести ФМ», онлайн-платформы «Смотрим» онлайн-платформасы да ұшырады.
SIS басшысы Александр Мустяцэ берген бұйрықта заң бойынша биліктің «соғыс жанжалы жағдайында тұрған және агрессор деп танылған мемлекеттің билігі органдарынан шығатын ақпаратты таратушы» ресурстарды бұғаттап тастай алатыны айтылған. Өкім шұғыл орындалу үшін молдован провайдерлеріне жөнелтілді.
Республикада қазір Ресейдің кең ауқымды соғыс ашып, Украинаға тұтқиылдан басып кіруіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған.
Биылғы қыркүйекте Кишинеуде Ресейдің «Sputnik Молдова» ақпарат агенттігінің бастығы Виталий Денисов ұсталды. Кейінірек ол елден шығарып жіберілді, сонымен қатар алдағы 10 жылға дейін Молдоваға келуге тыйым салынды. Кейін «Азаттық радиосы» анықтағандай, Денисов Ресей барлау басқармасының мүддесі үшін шетел аудиториясына жалған ақпарат таратумен айналысатын 72-ші арнайы қызметтің (54777 әскери бөлім) кадрлық офицері болып шықты.