Ұлыбритания «Шахед» дрондарының «тажалын» Украина армиясына береді
ЛОНДОН. 11 қазан. Ұлыбритания РФ армиясы қолданатын «Шахед» дронының нағыз «тажалы» бола алатын Terrahawk Paladin жүйесін Украинаға беретін болып шешті. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Толық автономды режимде жұмыс істейтын Terrahawk Paladin әуе шабуылына қарсы жүйесі ауа райының кез келген жағдайы мен тәуліктің барлық уақытында нысанасын атып түсіре береді.
Лондон Киевке құны 100 млн фунт стерлинг тұратын әскери көмектің жаңа пакетін беретінін жариялады.
«Украина Қарулы күштері әуе кеңістігін Ресей ұшқышсыз ұшақтарынан қорғау үшін Terrahawk Paladin стационарлы зениттік кешенін алғалы отыр», – деп хабарлады Британия үкіметінің сайты.
Terrahawk Paladin – MSI Defense Systems компаниясы талдап жасап шығарған әуе шабуылына қарсы күресетін автономды жүйе. Бұл модуль дистанциядан басқарылады.