Еуропарламент Гаага сотынан Лукашенконы қамауға ордер беруді сұрады
БРЮССЕЛЬ. 16 қыркүйек. Еуропа парламенті белорус президенті Александр Лукашенконы РФ басып алған украин жерінен балаларды күштеп әкетуге қатысы бар деп тапты. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Осындай қарар қабылдап отырған парламент Халықаралық қылмыстық сотты РФ диктаторы Владимир Путин және омбудсмен Мария Львова-Белова секілді Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға да ордер беруге шақырды.
Депутаттар Минскінің әрекетін қатты сынға алды. Басып алынған украин территорияларынан әкетілген 2150-ден аса бала Беларусь жеріне әкелініп, индокринация процесінен өткізілген.
Құжатта Еуропарламенттің Украина аумағынан балалардың заңсыз әкетілуіне байланысты қатты алаңдап отырғаны айтылады. Одақ өкілдері сондықтан Александр Лукашенкоға халықаралық ордер беруге шақырады.
«Еуропарламент Лукашенконы да Ресей президенті Владимир Путин мен балалар амбудсмені Мария Львова-Белова секілді осы соғыс қылмысы үшін жауапты деп есептейді, сондықтан ХҚС-ты Лукашенконы қамауға алу жөнінде халықаралық ордер беру мәселесін қарауға шақырады», – делінген құжат мәтінінде.
Еуропарламент Лкукашенко режимін Ресейдің Украинаға қарсы соғысына араласты, сондай-ақ Мәскеудің соңына еріп, украин елін жеккөрушілікті өршітті, жалған ақпарат пен насихатты таратты деп айыптап отыр. Бұдан басқа, депутаттар Лукашенко режимінің Ресейді оқ-дәрілермен және әскери техникамен қамтамасыз етіп келе жатқанына, сондай-ақ Беларусь территориясына Ресей әскерлерін орналастырды деген алаңдаушылық білдірді