Қызылордада 18 млрд теңгеге қазіргі заманғы стадион салынғалы жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. 30 тамыз. Қызылорда қаласында құны 18 млрд теңгеден асатын заманауи стадион салу жоспарланып отырғаны белгілі болды. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Агенттік тілшісі Қызылорда облысы билігінің қазіргі заманғы жаңа стадион салу үшін 18 млрд теңгеден артық қаржы жаратқалы жатқанын жазды.
«Тапсырыс беруші – «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ; атауы – тұрғын үй емес ғимараттарды/құрылыстарды салу (салу) жөніндегі жұмыстар; қосымша сипаттамасы – Қызылорда облысының Қызылорда қаласында 7 мың орындық стадион салу. Байланыстыру; жоспарлы сома – Т18 399 671 740», – делінген Мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Өтінімдерді алдын ала қабылдау 6-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі.