РФ оккупацияланған территория ұлдарын Украинаға қарсы соғысқа салмақ
МӘСКЕУ. 10 тамыз. Ресей өзі басып алған украин территориясынан әкетілген балаларды Украинамен соғысуға қызу дайындап жатыр. Бұл туралы «Украинская правда» мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей басқыншылары Украинаның оккупацияланған облыстарының балаларына белсенді түрде «әскери-патриоттық» тәрбие беру ісіне кірісіп кетті. Олар алдағы уақытта Ресей Федерациясы қарулы күштерінің қатарына шақырылмақшы.
Украин «Сопротив» ұлттық қарсыласу орталығының дерегі бойынша, бұл жасөспірімдер «Гвардеец» әскери жиынына қатыстырылу үшін Мариуполь, Кировск, Енакиево, Горловка, Шахтерск, Макеевка, Донецк қалалары мен украинның тағы бірқатар елді мекендерінен РФ территориясына, Пензаға күштеп әкетілген.
Жиын 1 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады. Оған украиналық бозбалалармен бірге ресейлік жасөспірімдер де қатысты.
«Жау осылайша балалардың миларын улап, өз отандарына қарсы соғысқа алдап салып, украиндардың тұтас бір ұрпағын жойып жіберу саясатын жалғастырып жатыр», – делінген ұлттық қарсыласу орталығының хабарламасында.