17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында кәсіпкерлікті дамыту жобасы жанданып келеді

24 Шілде 2023 18:57
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында кәсіпкерлікті дамыту жобасы жанданып келеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету жолға  қойылған. Сол көштің алдыңғы қатарында Шиелі ауданы келеді.

Ауданда 2 228 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (ақылы қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік грант, алғашқы жұмыс орны, ұрпақтар келісім шарты, «Күміс жас») тартылған.

Шиеліде 2023 жылы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыруға субвенциялар есебінен 1 млрд 501 млн 61 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 58 млн 919 мың теңге, жалпы 1 млрд 559 млн 980 мың теңге қаржы бөлінді. Үстіміздегі жылдың 6 айында игерілген қаржы көлемі 779 млн 683 мың теңге болып отыр.

Бөлінген қаржы шегінде биыл жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқу ұйымдарында 55 жұмыссызды кәсіптік оқыту, бизнес-идеяларды дамытуға 149 адамға қайтарымсыз гранттар беру және 35 жасқа дейінгі 20 жасқа 2,5 пайызбен және жастардан басқа топтағы 75 азаматқа жеңілдетілген несие беру жоспарланған болатын.

Бизнес-идеяларды дамытуға қайтарымсыз гранттар беру жоспарына сәйкес business.enbek.kz электронды ақпараттық порталы арқылы қабылданған өтінімдер негізінде Шиелі ауданында бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық шешіміне сәйкес 74 азаматқа 400 АЕК мөлшерінде (1 380 000 теңге) қайтарымсыз гранттар беріліп, өз кәсіптерін ашуда.

«Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан портал арқылы (skills.enbek.kz) 673 азамат онлайн түрде оқып, сертификаттарын алды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 50 азаматты жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 9, 2023 жылы жолданғаны 51) уақытша негізде жұмыс жасауда.

Жастар практикасына 390 азаматты жолдау жоспарланып, 362 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 295, 2023 жылы жолданғаны 67) уақытша негізде жұмыс жасауда. Жалпы, келісімшарт мерзімі аяқталған 80 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 791 азаматты жолдау жоспарланып, 968 азамат әр түрлі техникалық құжаттарды түптеу-реттеу, санитарлық тазалық, сақшы-сарбаз, бақташы жұмыстарына жолданып, жұмыс жасауда. 46 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ұрпақтар келісімшарты жобасына 3 азаматты жолдау жоспарланып, қазіргі таңда 1 азамат уақытша негізде жұмыс жасауда.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 98 азаматты жолдау жоспарланып,  36 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 18, 2022 жылы жолданғаны 18)  жоба шеңберінде жұмыс жасауда. Жобаның талаптарына сәйкес жолданған азаматтар 18 ай мерзім аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. «Күміс жас» жобасына 42 адамды жолдау жоспарланып, 60 азамат (2022 жылдан келісімшарты өтпелі 16, 2022 жылы жолданғаны 44) жоба шеңберінде жұмыс жасауда.

2023 жылы Шиелі ауданында 3 096 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, жыл басынан 1 852 жаңа жұмыс орны жасалды немесе 59,8 пайызы орындалды. Оның ішінде уақытша жаңа жұмыс орындары 1 173 (ақылы қоғамдық жұмыс, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Ұрпақтар келісімшарты», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары және «Жасыл Қазақстан» жобасы), тұрақты жаңа жұмыс орындары 680 болып отыр.

Жансая НҰРҚОЖА,

Шиелі ауданы

Таңбалар: бизнес-жоспаржұмыс орындарыкәсіпкерлікҚызылорда облысы

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist