Ресей іштен іри бастады, Кадыров түсініксіз мәлімдеме жасады
ГРОЗНЫЙ. 3 шілде. Кеше түнде Шешенстан лидері Рамзан Кадыров мемлекеттік дума депутаты Адам Зелимхановпен бірге тікелей эфирге шығып, түсініксіздеу мәлімдеме таратты. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Олар өз сөздерінде «Біз енді ұзақ өмір сүрмейміз» деген сияқты бірдеңелерді айтып, жұртты қатты таң қалдырды.
Ресейлік БАҚ-тар соңғы уақыттары Кадыровтың бір сөзіне келесі сөзі үйлеспей қала беретінін жазып жүр. Мұны олар шешен лидерінің денсаулық жағдайымен байланыстыра қарастырады. Бұл жолы өзінің досы Адам Зелимхановпен бірге эфирден көрінген ол әлдеқандай бір спектакль ойнап отырғандай әсер қалдырды. Шамасы, Меккеге бару үшін өздерінің көңіл күйлері жоқ екенін білдіргілері келген сияқты.
«Біз жайлы әртүрлі өсектер айтылып жүр, ал біз мұнда екеуміз шай ішіп отырмыз. Өмір деген қызық қой, ол әсіресе қысқа болса, тіпті қызықты болады. Біз онсыз да ұзақ жасауды аңсап жүрген жоқпыз. Қысқа, бірақ лайықты өмір сүруіміз керек», – деді шамадан тыс толысып кеткен Кадыров.
Бірқатар сарапшылар қазір Рамзан бір жаққа ұзап шыға қалса, Шешенстанда бүлік бұрқ ете қалғалы тұрғанын баяндады. Жергілікті халықтың көбі одан қорыққанынан жүр, бірақ араларында наразылар өте көп. Осы кезге дейін Ахматтың ұлы өзіне көп адамды жау етіп те алды.
Осының бәрі Ресейдің іштей ірі бастағанын көрсетеді. Шешендермен (нохчийлермен) өте жақын туыс, бір вайнахтың ұрпағы – галгьайлар (ингуштар) былтырдан бері РФ құрамынан шығу жайында мәселе көтеріп жүр. Мұндай идея көтерушілер башқұрттар мен ноғайлар арасынан да табылып жатыр.