Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері Антонов көпірінің сол жақ бетіне өтіп, плацдарм құрды

КИЕВ. 26 маусым. Украина Қарулы күштері бүгін түнде Днепр өзені үстіндегі Антон көпірінің сол жағалауына ұрыс сала өтіп, өздеріне қолайлы плацдарм құрып алды. Бұл туралы «Два майора» телеграм-каналының дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украин әскерлері көпірдің сол жағалауынан ақырындап шағын плацдарм жасап алғандарына үш тәулік болған еді. Олар күн сайын осылай өз сапын толқтыра берді. Ал түнде қалған топ тегіс келіп, РФ оккупанттарын көпір маңынан едәуір жерге қуып тастады. Арнайы операция өте сәтті өтті. Жау біраз шығынмен кері қарай қашты.

Телеграм-каналдың жазғанындай, сол жағалауға күн сайын 50 жауынгерден келіп тұрған. Олар мұнда қару-жарақтарын, оқ-дәрілерін жеткізіп, күштерін арттыра түскен.

РФ армиясының қалдықтары өз басшыларынан бұлай қарай авиасоққы беруді сұрап жатыр. Алайда өтініштері осы кезге дейін орындалған жоқ.

«Две десантника» телеграм-каналы Украина Қарулы күштерінің Каховка су қоймасы жарылғанға дейін орктар жайлаған жерге келіп жайғасқанын жазады.

Сөтке ішінде сол сияяқты Бахмут түбінде 186 басқыншының көзі жойылды, екі «Град» құртылды. Мұндағы жауынгерлер түнде тағы 600-1000 метр аралығында ілгері жылжыды. Тағы 224 оккупант Бахмут жерінде жарақат алып, 8 солдат тұтқынға түсіп қалды.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button