26 Тамыз, 02:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина шабуылға 12 бригаданың 3-ін қосты, басты шайқастар алда – Reuters

15 Маусым 2023 18:59
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина шабуылға 12 бригаданың 3-ін қосты, басты шайқастар алда – Reuters
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 15 маусым. Украина әскерлері РФ басқыншыларына қарсы шабуылға әзірге 12 бригаданың 3-ін ғана қосып отыр, сарапшылар басты шайқастардың алда тұрғанын айтады. Бұл туралы Reuters дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Украина Қарулы күштері бір аптадан бері қарсы шабуылды жалғастыруда, бірақ Киев соғысқа дайындалған бөлімшелердің азғантай бөлігін ғана іске қосты, басты шешуші ұрыстар әлі алда», – деп есептейді батыс аналитиктері.

«Кескілескен ұрыстарға толы ұрыстардың бір аптасы артта қалғаннан кейін Киевтің нағыз күшті қарсы шабуылының әлі алда екені белгілі болды, сондықтан, украин әскерлері әзірге Ресейдің басты қорғаныс шебінен белгілі бір қашықтық ұстап тұр, ал шабуыл үшін арнайы дайындалған күштердің негізгі бөлігі әлі өз сағатын күтуде», – делінген Reuters ақпарында.

Соғыс барысын мұқият қадағалап отырған поляк аналитигі Конрад Музыка қазір Украинаның қарсы шабуыл үшін арнайы дайындықтан өткен 12 бригадасының тек 3-і ғана соғысқа қосылып отырғанын баяндады.

Аналитиктердің мәліметтері бойынша, Украина қарсы шабуыл операциясын жүргізу үшін 12 бронды танк бригадасын дайындаған, олардың 9-ы түгелдей Батыс техникасымен жарақтандырылған.

Бригадада әдетте кемінде 3500-4000 әскери қызметкер болады. Киев сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің 40 000 солдаттан тұратын 8 штурм бригадасын сапқа қойғанын мәлімдеді.

Сарапшылар қазір Украина армиясының негізгі күштерді Запорожье облысының Орехов қаласы мен Донецк облысының шығыс шекарадан 80 шақырым шамасында орналасқан Великие Новоселки елді мекеніне төгіп жатыр.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Ганна Малярдың айтуынша, украин әскерлері бүгін тағы 6,5 шақырым ілгері жылжып, майданның 100 шақырымға көлбей созылып жатқан оңтүстік шебінің 90 шаршы шақырымдық аумағын жаудан тазартып алуға қол жеткізген.

Музыка қарсы шабуылдың айтарлықтай табысты жүріп жатқанын алға тартады. Бірақ ол «5-6 күннен кейін, неге екені белгісіз, бәсеңсіп қалған», – деп те отыр.

Осы ретте Reuters әуе күштерінің кемдігінен қарсы шабуыл біраз қиыншылықтарға тап болып жатқанын жазады. Киев бірнеше ай бойы Батыстан F-16 истребительдерін жеткізіп беруді сұраған еді, бірақ әзірге оның біреуін де алған жоқ.

Осы тұста НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг украин ұшқыштарын оқытып үйрету басталғанын мәлім етті. Ол мұны бүгін «Рамштейн» жиынында айтты. Алайда истребительдерді беретін уақыттың әлі нақты шешілмегенін баяндады.

Неміс әскери сарапшысы 1945 жылдан бері әлемде дәл қазіргідей ірі соғыс операциясы болмағанын айтып отыр. Ол бұл соғыста Украина Қарулы күштерінің жеңіп шығатынына сенімділік білдірді.

Таңбалар: басты шайқасқарсы шабуылУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist