26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина Қарулы күштері барлық бағытта жаппай шабуылға шықты

4 Маусым 2023 22:18
- Жаңалықтар, Жаһан
Украина Қарулы күштері барлық бағытта жаппай шабуылға шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 4 маусым. Украина Қарулы күштері барлық бағыттарда Ресей оккупанттары позицияларына жаппай қарсы шабуылды бастап кетті. Бұл туралы ресейлік және украин пабликтеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Украина қорғаныс күштері Донбастың Авдеевка бағытында соққы жасауға шыққан.

Ресей пропагандасының Z-каналдары украин армиясының барлық бағыттарда шабуылды өрістетіп келе жатқандарын жазуда. Ресей чекисі, соғыс қылмыскері, Нидерланд соты арқылы сырттай сотталушы Игорь Гиркин (Стрелков) өзінің Telegram-ында: «Қарсыластардың Донецк түбіндегі Авдеевка бағытында күшті шабуылға шыққандары жайлы айтылып жатыр. Жау тағы да Водяноены қайтарып алуға ұмтылып, селоға басып кірді. Қазір сол маңда ауыр ұрыс қимылдары жүріп жатыр», – деп атап көрсетті.

Украин тарапынан әзір мұны растау бола қойған жоқ. Алайда майдандағы жағдайдың ушығып, ширыға бастағаны хақында келіп жатқан мәліметтер көп. Мәселен, Украина Қарулы күштерінің Сватов, Бахмут, Запорожье бағыттарында алға жылжып келе жатқандары айтылуда. Осыдан Z-каналдарды үрей жайлап алған. Олар Украинаның үлкен қарсы шабуылы басталып кеткеніне сенімді болып отыр.

Осымен бір мезгілде Ресейдің Белгород облысының жерінде ресейлік еріктілердің «Свобода России» легионы «Орыс ерікті корпусымен» бірге ұрыс қимылдарын жалғастырды. Қазір облыс территориясында екі жақтың қиян-кескі соғысы жүріп жатыр. Кремль мұнда көмекке өзінің ең соңғы резервін жіберуге мәжбүр болды.

Ресей еріктілері бүгін Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладковты өздерімен келіссөз жүргізуге шақырды. Губернатор өз кезегінде оларды «сұмырай, оңбаған, фашист» деп алып, өздерімен ұшырасуға келісім беріпті. Келіссөз Шебекино селосында өтуге тиіс.

Бұдан бұрын «Диалог.UA» Қорғаныс күштерінің Сватов және Бахмут түбінде майдан шептерін жарып өткендерін хабарлады.

Мұның алдында «Вагнердің» құрылтайшысы Евгений Пригожин Бахмуттың бір бөлігін ресейліктердің уыстарынан шығарып алғандарын, украин әскерлерінің Угледар түбіндегі шепті жарып өткендерін мойындаған болатын.

Өткен түнде Қырымға 5 ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасады. Сондай шабуыл осы күнгі Ресейдің бес өңіріне жасалды.

Бүгінде РФ-ның Украина шекарасына жақын барлық аймақтарын үрей жайлап алған.

Бұрнағы күні Украина президенті Володимир Зеленьский Украина Қарулы күштерінің үлкен қарсы шабуылға шығуға толық дайын екенін мәлімдеген еді.

Содан алдын АҚШ генералы, ЦРУ-дың бұрынғы басшысы Дэвид Петреус украиндардың қарсы шабуылдары өте күшті болатынына сенім білдірді.

Таңбалар: Белгород облысықарсы шабуылУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist