Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Футболдан Өзбекстан жастар құрамасы мундиалдың 1/8 финалына шықты

САНТЬЯГО-ДЕЛЬ-ЭСТЕРО. 27 мамыр. Өзбекстанның футболдан жастар құрамасы  (U−20) әлем чемпионатының үшінші ойынында Гватемаланы жеңіп, 1/8 финалға шықты. Бұл туралы gazeta.uz дерегіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Аргентинаның Сантьяго-дель-Эстеро қаласында ойналған матч барысында шабуылшы Шахзоджон Нематжонов дубль тіркеп, өз командасының 2:0 есебімен ұтып щығуына мүмкіндік жасады.

Кездесу өткен түнде ойналды.

Өзбекстан құрамасының бас жаттықтырушысы Равшан Хайдаров командасы Жаңа Зеландиямен 2:2 есебімен тең ойнағасын, ойын сызбасын өзгертіп, алаңға үш орталық қорғаушы шығарды. Мурабий олардың қатарына Абубакир Ашуровты қосты. Бұдан басқа да өзгерістер жасалды: өткен жолы қателікті көп жіберген дарбозобон Отабек Боймуродовтың орнын келесі голкипер Асрор Кенжаевты қосты. Ал Пулатхужа Холдорхоновтың орнына бірінші минуттан Шахзоджон Нематжонов басты, орталық жартылай қорғаушы Шерзод Эсанов әріптесі Диёрбек Ортикбоевты алмастырды.

Алмастырулар өз жемісін берді. Бірінші рет сөрелік құрамда алаңға шыққан Шахзоджон Нематжонов екі голдың авторы атанды. Бірінші жолы ол 9-минутта қарсыласының пас берудегі қателігін пайдаланып, қақпашымен бетпе-бет келді. Екінші мәрте араға 11 минут салып, Аббос Файзуллаевтың жеткізген добын дарбаза торына дәл ұрып түсірді.

Осымен бір мезгілде өткен келесі кездесуде Аргентина құрамасы Жаңа Зеландияны 5:0 етіп талқандады.

Осылайша Өзбекстан құрамасы 1/8 финалға шықты.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button