Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Сүйінші, ағайын! Санжар Тәшкенбай – бокстан әлем чемпионы!

ТАШКЕНТ. 13 мамыр. Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының бүгін басталған финалында қазақстандық Санжар Тәшкенбай бірінші болып әлем чемпионы атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.

Чемпионатта 48 келіге дейінгі салмақта еліміздің намысын қорғаған 19 жасар Санжар Тәшкенбай финалда грузиялық Сахил Алахведовимен алтын медаль үшін шайқасты. Біздің оғлан үш раундта да қарсыласынан басым болды. Есеп – 5:0!

Санжар турнирдегі бірінші жекпе-жегін 8 мамыр күні өткізіп, 1/8 финалдық сында өзбек Шодиержон Меликузиевпен жұдырық сілтесті. Шайқас 4:1 есебімен біздің оғланның пайдасына шешілді. Ол ұрыс барысынла қарсыласын бір рет нокдаунға жіберді.

Бұдан кейін 10 мамырда ойналған ширек финалда жапон Казума Аратакені 5:0 етіп тізе бүктірді. Ол бұл жолы да бәсекелесін нокдаунға түсірді.

Кеше, 12 мамыр күні болып өткен жартылай фииналда ресейлік Эдмонд Худоянды да 5:0 етіп ұтты.

Құтты болсын, Қазақ елі!

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button