ВОРОНЕЖ. 11 тамыз. Тамыздың 11-не қараған түні украинның он бес шақты дроны Воронежге шабуыл жасап, Wildberries қоймаларын талқандады. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Воронеж уәлаятының губернаторы Александр Гусев ұшқышсыз ұшақтардың қала мен оған жақын орналасқан бірнеше ауданды үйіре соққы бергендерін баяндады.
Шапқыншылық барысында бір адам қаза тауып, тағы екі адам алған жарақаттары бойынша ауруханаға жатқызылған.
Wildberries маркетплейсіндегілер шабуылдың өтінде компанияның логистикалық нысандары қалып қойғанын растады. Ондағы қызметкерлер қауіпсіз жерлерге жеткізілген.
Wildberries-тің тарату орталығы уәлаяттың Новоусман ауданындағы Александровка селосында орналасқан. Кешеннің ауданы 152,9 мың шаршы метрді құрайды. Хабтың қоймалық қуаты 90 млн-нан астам тауарды сақтауға мүмкіндік береді.
Украина Қарулы күштері Wildberries инфрақұрылымына соққы беруд 18 шілдеден бастады. Олар тамыздың басына дейін 1,5 млн шаршы метрден астам қоймалар аумағына шабуыл жасап үлгерді. Барлығы 20 логистика орталығы соққының астында қалды. Олардың арасында Электросталь, Краснодар, Невинномысск, Екатеринбурге және Санкт-Петербург бар. Олардың кемінле 14-і жанып кетті. Wildberries-тің шабуылдардан тартқан шығындары 100-200 млрд рубль аралығын құрайды. Компанияның жалпы шығыны 1,3 трлн рубльге жеткен.
USD




