Ердоған Путиннен Украинадағы соғысты жедел тоқтатуды талап етті
АНКАРА. 26 наурыз. Түркия президенті Тайып Ердоған РФ диктаторы Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімесінде оны соғысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы түрік ресурстарына арқа сүйеген rast.kz хабарлайды.
Түркия лидері «Ресей-Украина қақтығысын келіссөздер жолымен шұғыл аяқтаудың маңыздылығын» атап өтті.
Анкара Украина мен Ресей арасындағы соғыс жанжалын бейбіт келіссөз үдерісі негізінде тәмамдауға қайта-қайта салмақ салып отыр. Сондықтан да Ердоған Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында оны ұрыс қимылдарын жедел бітіруге үндеді.
Daily Sabah газеті хабарлағандай, Ердоған Путинге «астық келісімі» кезіндегі «позитивті позициясы» үшін алғыс айтқан.
Бір айта кетерлігі, Мәскеудің Путин мен Ердоғанның телефон желісінде сөйлеген сөздері жөніндегі ақпары Анкараның дерегінен елеулі өзгеріп шыққан. Мәскеу, мысалы, екі президенттің әңгімені Украинадағы соғыстан бастағаны, оның кезінде түрік лидерінің мәскеулік патшадан оны бір аптаның іщінде толық тоқтатуды талап еткені турасында бір ауыз сөз айтпаған. Жалпы, Кремльдің хабарында соғыс хақында ләм-мим делінбейді.
Тағы бір айтатынымыз, Қытай көсемі Щи Дзиңпиң мен Түркия президенті Тайып Ердоған соғысты жедел күресінге жіберуді талап етіп кеткеннен кейін Путин бәрін керісінше жасап, «құтырып» сала берді. Ол кеше 1 шілдеге дейін Беларусьте салынып жатқан тактикалық ядролық қару қоймасы құрылысын бітіріп, оған ядролық қару орналастыратындарын мәлімдеді.