МӘСКЕУ. 19 мамыр. Ресейде Шыңғыс ханның бас қолбасшысы болған Сүбедей Баһадүрдің атында орден тағайындауға шешім қабылданды. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Ресей Федерациясының құрамына кіретін Тыва республикасының жоғарғы хуралы ең танымал моңғол қолбасшыларының бірі және Шыңғыс ханның ең жақын серіктесі Сүбедей атында орден тағайындап отыр.
Осы жайында жазған «Коммерсантъ» газеті бұл марапаттың «Отан қорғаудағы ерекше еңбегі, Ресейдің аумақтық тұтастығы мен мүдделерін қамтамасыз етудегі батылдығы мен батылдығы, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы ерекше жетістіктері үшін» берілетінін атап өтті.
Республика басшысының парламенттегі өкілетті өкілі Экер-оол Манчынның айтуынша, қазір Украинада соғыс жүріп жатыр, онда «көптеген жігіттер өздерінің әскери міндеттерін лайықты орындап жүр».
«Олар мемлекеттік наградалармен марапатталады, кейде олардың еңбегі бағаланбайды. Өз отанымызда да олардың еңбегін атап өту қажеттілігі бар», – деді ол.
Тарихи аңыздарға көз салсақ, Сүбедейдің ұранқай тайпасынан шыққанын аңғарамыз. Ал «ұранқай» деген қазіргі тываның көне атауы болып саналады. Ол моңғолдар сапына Шыңғыс хан армиясында басшылық қызмет атқаратын туған ағасы Желмеге еріп келді.
Осы ретте ресейлік қайраткер Сергей Шойгудің осы ұлттың перзенті болып табылатынын да айта кетейік.
Сүбедей тағы бір қолбасшы Жебемен бірге Қап тауынан асып түсіп, моңғолдардың батыстағы жорықтарын бастап берді. Қос ноян 1223 жылы Азау теңізінің алқымындағы шайқастарда қалың қолды басқарды. Осы жолы бұлар Қалқа өзенінің қапталында бірінші рет орыс-қыпшақ біріккен армиясымен бетпе-бет кездесіп, ақыр соңында жеңіп шықты. Сонымен қатар, ол 1237-1240 жылдардағы жорықтарға қатысты, оның барысында орыс кінәздіктері жаулап алынып, Киев пен Владимир қалалары қиратылды.
Сүбедей кезінде Шыңғыс хан мен Үгедейдің бас әскери стратегі болды. Ол 20-дан астам науқанды жүргізіп, 65 басты шайқаста жеңіске жетті, сол кезде тарихтағы кез келген басқа қолбасшыларға қарағанда көбірек аумақты жаулап алды. Ол тарихтағы ең ұлы әскери қолбасшылар мен стратегтердің бірі ретінде кеңінен танылды.
USD




