Украина әскерлері Бахмут түбінде ресейліктердің тас-талқанын шығарды
КИЕВ. 24 наурыз. Украина Қарулы күштері Донецк облысының Бахмут қаласы түбінде РФ басқыншылары армиясына күйрете соққы беріп, үдере қуып шықты. Бұл туралы «Диалог.ua» ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сайт Бахмут түбінде «судан шыққан суырдай» хал кешкен оккупанттар ордасының барлық қару-жарақтары мен мүкәмалдарын тастай қашқанын жазады.
Сонымен бір мезгілде әлеуметтік желіде ресейліктердің Бахмут бағытындағы ұрыстарда қирай қырғынға ұшырап жатқандары түсірілген видео шұғыл тарады. Операцияны украин ұшқышсыз ұшағы түсіріп алған. Ролик 24 наурыз күні УҚК-ның 3-ші жеке штурм бригадасының каналында жарияланған.
Ал операцияны 3-ші бригаданың артиллерия дивизионы құрамындағы «Молот групп» жасағы жүргізген.
Видеоға украин артиллериялары Ресей позициясының «талқанын» шығарып жатқаны түсіп қалған. Сонда тірі қалған бірнеше жауынгер тым-тырақай қаша жөнелген.
Айта кетуіміз керек, Бахмут бағыты өткен жылдың наурыз айынан бері майдандағы ең басты ұрыс алаңы болып келді. Орыстар жарты жылдан астам уақыттан бері осы қаланы басып алуға бар күшін салып бақты. Бірақ одан ешқандай нәтиже шығара алмады. Осы жердің өзінде 30 мың шамалас басқыншы жан тапсырды.
Қазіргі күндері РФ командованиесінің бұдан әрі басты күшті Авдеевка бағытына шоғырландыруға шешім еткені белгілі бола бастады.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.