Бокс: Ертең әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер ойналады
НЬЮ-ДЕЛИ. 24 наурыз. Ертең, 25 наурызда Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер ойналады. Бұл туралы IBA сайты деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
Чемпионат 16 наурыз күні басталды. .
Финалға Үндістан мен Қытайдан – төртеуден, Австралия, Моңғолия, Италия, Ресей және Қазақстан құрамалары сапынан екі-екіден өкілдер шықты. Сол сияқты Вьетнам, Тайпей, Колумбия, Жозаир (Алжир), Мағриб (Марокко) сынды елдерден бір-бір боксшыдан бар.
Чемпионат финалында мына боксшылар ең үздіктерді анықтайды:
48 кг. Ниту Ниту (Үндістан) – Алтанцецег Луцайхан (Моңғолия)
50 кг. Зарин Нихат (Үндістан) – Тхи Там Нгуень (Вьетнам)
52 кг. Ю Ву (Қытай) – Сирине Чараабо (Италия)
54 кг. Шиао Вен Хуанг (Тайпей) – Мунгунцецег Енкхжаргал (Моңғолия)
57 кг. Ирма Теста (Италия) – Карина Ибрагимова (Қазақстан)
60 кг. Беатрис Жасмин Феррейра (Бразилия) – Паоло Валдес (Колумбия)
63 кг. Наталья Сычугова (Ресей) – Ченгун Янг (Қытай)
66 кг. Иман Хелиф (Жозаир) – Лу Янг (Қытай)
70 кг. Анастасия Демирчан (Ресей) – Фрэнсис Скотт (Австралия)
75 кг. Ловлина Боргехайн (Үндістан) – Анне Паркер (Австралия)
81 кг. Савату Савату (Үндістан) – Лина Ванг (Қытай)
+81 кг. Хадиша Марди (Мағриб) – Ләззат Күнгейбаева (Қазақстан)
Финалдық шайқастар Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да басталады.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.