17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қасарысқан Путин Зеленськийдің хатына қатаң жауап қайтарды

6 Маусым 2026 15:39
- Жаңалықтар, Жаһан
Қасарысқан Путин Зеленськийдің хатына қатаң жауап қайтарды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 6 маусым. Ресей президенті Владимир Путин украиналық әріптесі, қазіргі соғыс санатындағы басты жауы – Володимир Зеленськийдің хатына барынша қатқыл жауап беріпті. Бұл туралы Minval.az ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кремльдің көсемі кеше таңертең украин лидерінің ашық хатымен танысқанын айтты. Бірақ оны мұқият ден қойып оқи қоймапты, айтуына қарағанда, менсінбей көз жүгіртіп өте шыққан сияқты.

«Кеше маған баспасөз хатшым Песков хатты көрсетті. Лекін біз Өзбекстан президентімен жұмыс кездесуін өткізіп, кешкі ас ішіп отырдық. Шынымды айтсам, мені оны қарап үлгермедім. Бүгін таңертең Песков тағы да сол қағазды тықпалады. Мен оған көз жүгірте қарап шықтым, сонда да болса», – деді Путин.

Ресей басшысы сонымен қатар Зеленськийдің хатында «дөрекіліктің элементтері» бар екенін атап өтті. «Бұл не? Бұл жеке кездесулер мен келіссөздер өткізуге жағдай жасау тәсілі ме? Немесе жеке кездесулердің өтуі мүлде мүмкін болмайтындай жағдай жасау ма?», – деді ол.

Зеленськийдің мәлімдемесіне түсіндірме бере отырып, Путин ең бастысы жас ерекшелігі емес, қабілеттілік пен жұмыскерлік екенін атап өтті. «Ол, автор онда менің жасым туралы айтыпты. Демек, бұған не деуге болады? Әрине, жас жайында жұрттың бәрі ойлануы тиіс. Бірақ менің жасымдағы және менен де үлкен көптенен саяси қайраткерлер өздерінің қызметтерін атқарып жүр. Ең бастысы – жас емес. Бұл маңызды, Бұл шын мәнінде, сөз жоқ, маңызды нәрсе, бірақ маңыздысы – жас емес, бастысы – қабілеттілік пен жұмыскерлік. Менің бірқатар әріптестерім, тағы қайталап айтайын, менен үлкендері де бар, – жұмысқа жеткілікті күш-қуаттарын арнап жүр, олар мұны жақсы істей ме, нашар істей ме – бұл басқа әңгіме, саяси сипаттағы баға. Бірақ тұтастай алғанда белсенді жұмыс істеп жүр», – деді Путин.

Мұның алдында Украина президенті Володимир Зеленський Ресей лидері Владимир Путиннің мәнзіліне ашық хат жолдап, Киевтің онымен тікелей келіссөз жүргізу арқылы соғысты аяқтауға қол жеткізуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Ал бұған Путиннің қайтарған жауабы әлгіндей болып шықты.

Таңбалар: Ашық хатВладимир Путинжауап

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist