18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Звягинцев Каннда сөйлеген сөзін сынағандарға жауап қайтарды (видео)

30 Мамыр 2026 16:37
- Әлеумет, Жаңалықтар
Звягинцев: Қазір миллиондаған ресейліктің дауыс беру құқы жоқ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 30 мамыр. Ресейлік кинорежиссер Андрей Звягинцев Канн фестивалінде Гран-при алғаннан кейін сөйлеген сөзіне қарсы шыққандарға өз ойын білдірді. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ол «Новая газета Европаға» берген сұхбатында Путинді неліктен «мырза» деп атағанын және соғысқа жұмылдырылған ресейліктерді неге жанашырлыққа лайық деп санайтынын түсіндірді.

«Минотавр» фильмі үшін 79-шы Канн кинофестивалінің Гран-приін жеңіп алған ресейлік кинорежиссер Андрей Звягинцев марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзіне қатысты қоғамдық сынға «Новая газета Европаға» берген сұхбаты арқылы түсіндірме жасады. Интервью басылымның сайтында 30 мамыр, сенбі күні жарияланған.

Звягинцев Канндағы сөзінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Украинадағы «қырғынды аяқтауға» шақырып, қазір өзі «қажет және жеткілікті деп санайтын нәрсені» айтқан. Режиссердің айтуынша, бұл сөздерді «ынтықтымақтастық әрекеті» деп санауға болады», «Ресейдегі көптеген адамдар соғыстан шаршаған, бірақ бостандықтарына қауіп төндірмей, елде болып жатқан оқиғаларды еш ашып айта алмайды. ешқандай қарсылық білдіре алмайды».

Сонымен бірге, кино қайраткері Украинаның көшбасшысы Володимир Зеленськийге жүгінуді ұсынғандармен келісе қоймады, ол бұл идеяны «қолайсыз» деп атады. «Мен мұндай үндеумен бөтен елдің президентіне жүгінуге тиісті емеспін. Тек Украинаның азаматы болмағандығымнан ғана емес, бұл мәселенің шешілуі оған қарап тұрмағандықтан», – деді Андрей Звягинцев. Ол Зеленськийдің «соғысты кез-келген минутта аяқтауға дайын екенін, оны әлем қоғамдастығына арнаған әрбір жолдауында қайталауды тоқтатпай келе жатқанын» атап өтті. «Мұның бәрі тек бір адамға келіп тіреліп тұр, соның ерік-жігері ғана қантөгісті тоқтата алады», – деп атап өтті ресейлік кинорежиссер.

Звягинцев Путинді өз сөзінде неге «мырза» деп атағанын түсіндірді, өйткені ол үлкен шенеунік еді.

Таңбалар: Андрей ЗвягинцевВладимир ПутинжауапКанн

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist