«Оның жолы кесілген» – Стрелков Путиннің алдағы күні туралы ой айтты
МӘСКЕУ. 1 наурыз. ФСБ офицері, соғыс қылмыскері Игорь Стрелков (Гиркин) Украина соғысындағы жеңіліс Путин үшін қайғылы аяқталатынын әңгімеледі. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Ол Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысында жеңіліске ұшырауы РФ-ның қанқұйлы диктатор президенті Владимир Путин үшін Гаага сотымен аяқталатынына сенімді.
«РФ Украинамен соғыста түпкілікті жеңіліп шыққаннан кейін диктатор Владимир Путин осының барлығына айыпты ретіндегі «құрбандыққа шалынған текеге» айналады. Оның маңындағылардың бәрі соғысты ешкіммен ақылдаспай бастаған соның өзі екенін айтып шыға келеді», – дейді Игорь Стрелков.
Бұған қоса, ол Путиннің РФ-ны әдейі күйретуге дейін жеткізу үшін қойған батыс агенті болуы да мүмкін екенін айтты.
Сонымен бірге, Стрелков диктаторды өте қайғылы жазмыштың күтіп тұрғанына тоқталды.
«Ол сол жақтың агенті болды ма, жоқ па, – бәрібір. Біз үшін… Бұл соғыста жеңілсе, оның жолы бірден кесіледі, тағдыры тынады, баяғы серб Милошевич сияқты Гаагада сотталатын ритуалды құрбандыққа айналады…», – деді ресейлік диверсант.
Ол Путиннің Федералды жиналыстағы бос уәделерінен қатты көңілі қалғанын білдірді.
Президенттің сондағы сөзі оның бұдан әрі не істеу керек екенін білмейтінін байқатады.
«Онда, шын мәнінде, Гаага сотына барудан басқа жол қалған жоқ», – деді Гиркин.
«Жыл біздің әскерлеріміздің зор шығындарға ұшырауымен өте ауыр жүріп жатыр. Ал президент ештеңе болмағандай, мұның бәрі Қорғаныс министрлігінің ісіндей түр танытады. Жойдаға соқпайтын ақымақтық! Мұны сатқындық деп атауға болады», – деп мәлімдеді диверсант.
Енді Игорь Стрелков-Гиркиннің өзі туралы бір ауыз сөз. Ол – ФСБ офицері, кезінде Донбастың қорғаныс министрі болған, Украина жерінде апатқа ұшыраған Малайзия жолаушылар ұшағын атып түсіруге қатысқан төртеудің бірі. Осы қылмысы үшін Амстердам соты оны өткен күзде өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті.