Ереванда Ресейдің басқыншылық саясатына қарсы акция өтті
ЕРЕВАН. 25 ақпан. Армения астанасының жұртшылығы Ресейдің Украинадағы соғысына қарсы көп адам қатысқан шеру өткізді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Наразылық маршына қатысушылар Путиннің қуыршақ бейнесіндегі тұлғасын ишаралық мағынамен отқа жақты.
«Кешелі бері күллі әлемде РФ-ның Украина территориясына басып кіруінің бір жылдығына орай украин халқының агрессияға қарсы күресіне қолдау білдіру акциялары өтіп жатыр. Армения бұл қатардан қалған жоқ», – деп атап өтті «Украина 365» telegram-каналы.
Канал антиресейлік наразылық шеруінен видео жариялады.
Армян белсенділері көшелер бойларымен алау жағып алып өтіп, орталық алаңда агрессор-ел Ресейдің диктаторы Владимир Путиннің портретін символдық сипатта жағу рәсімін жүргізді. Наразылық қозғалысының лидерлері мағынасы «Армения халқы ресейліктердің келгендеріне қуанышты емес» дегенді анық білдіретін қоштасу өлеңін оқыды.
Айта кету керек, армян жұртшылығы Ресейдің Арменияны Беларусьпен бірге «одақтық келісімшартқа» кіруге мәжбүрлеу жөніндегі ниетін өте нашар қабылдады.
Сондай-ақ ресейлік журналист Юлия Латынинаның пікірінше, Армения «Ресейдің отары» ретінде Түркияның ықпалына «берілген» болып шықты.