Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Лондондағы Ресей елшілігі жанындағы көшеге «Киев-роуд» деген ат берілді
ЛОНДОН. 25 ақпан. Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында РФ елшілігі орналасқан ғимаратқа қарсы көшенің атауы «Киев-роуд» болып өзгертілді. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Қаланың ресми сайтында Ресей елшілігіне жақын тұрған бұл көшенің аты бұрын «Бейсуотер-роуд» болғаны атап көрсетілген. Ол Вестминстер ауданының территориясында тұр.
Аудандық кеңестің басшысы Адам Хаг көшенің атын ауыстыру жөніндегі бастаманың осындағы украин қауымы тарапынан көтерілгенін, сосын Лондон билігінің мұны «украин халқымен ынтымақтастықтың белгісі» ретінде қабылдап, жүзеге асырғанын айтты.
Сонымен бірге Адам Хаг Вестминстердегі көшенің атауын өзгертуді өткен жылдың мамыр айынан бері қозғап келген екен.
Жаңа көшенің тақтайшалары жұма күні қағылды.