25 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Лавров-Рубио: Ресей енді Киевті «түбегейлі соққылауға» кіріседі

26 Мамыр 2026 16:42
- Жаңалықтар, Жаһан
Лавров-Рубио: Ресей енді Киевті «түбегейлі соққылауға» кіріседі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 26 мамыр. Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Риомен әңгімесі барысында енді Киевтің өзі тікелей соққының астына алынатынын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кремль тарапы АҚШ Мемлекеттік хатшысына дипломатиялық персоналды Киевтен эвакуациялауды қамтамасыз ету туралы ұсыныс берілгенін тағы ескертті. «Ресей Федерациясының Қарулы күштері Киевтегі нысандарға «жүйелі және дәйекті соққылар беруге кіріседі», деді Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Ресей президентінің тапсырмасы бойынша АҚШ мемлекеттік хатшысына қоңырау шалды. «Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосының басшысы АҚШ-тың дипперсоналын Киевтен эвакуациялауды қамтамасыз ету туралы ұсынысына назар аударды», деп хабарлады Ресей министрлігі 25 мамырда.

«Ресей Федерациясының Қарулы күштері Киевте орналасқан Украина Қарулы күштерінің қажеттіліктері үшін пайдаланылатын нысандарға және тиісті шешімдер қабылдау орталықтарына жүйелі де дәйекті түрде шабуыл жасай бастайды», – делінген БАҚ хабарламасында.

Министр, пресс-релизден көрініп тұрғандай, АҚШ-тың Аляскадағы Анкориджде қаласында айтылған ұсынысы бойынша 2025 жылдың тамызында Украинадағы соғысқа қатысты қол жеткізілген келісімдерді еске салды. Лавровтың айтуынша, Еуропа мен Киев «мүдделер тепе-теңдігі негізінде тұрақты ұзақ мерзімді реттеуге жол ашқан аталған келісімдерге нұқсан келтіреді».

Сонымен қатар, АҚШ Мемлекеттік департаментіндегілер Марко Рубио мен Сергей Лавровтың телефон арқылы сөйлесулерінің егжей-тегжейлерін ашып айта қоймады. «Тараптар Ресей мен Украина арасындағы соғыс, екіжақты қатынастар және Ирандағы жағдай туралы пікір алмасты», – делінген 25 мамырда кешке Америка сыртқы саясат басқармасы таратқан баспасөз хабарламасында.

Мәскеу Киевтегі нысандарға үнемі соққы беріп келеді. 24 мамырға қараған түні Ресей Федерациясының Киев Қарулы күштері нысандарын атқылауы   Украинаға қарсы кең ауқымды соғыс басталғалы бергі ең сұрапыл шабуылдардың бірі болды. «Ресей Украинаға ондаған зымырандарды атқылап, жүздеген дрондарды ұшырды, нәтижесінде төрт адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды, Киевтегі нысандарға зиян келтірілді», деп еске алды AFP агенттігі. Соның ішінде Deutsche Welle (DW) радиосының Киевтегі кеңсесі де зардап шекті. Соққы толқыны астананың орталығындағы бөлменің терезелері мен төбелеріне зақым келтірді.

Ресей қолданған қарулардың арасында ядролық оқтұмсықтарды тасымалдауға қабілетті орта қашықтықтағы «Фундук» зымыраны болды.

Әуе күштерінің хабарлауынша, 24 мамырға қараған түні Ресей Федерациясының әскерлері Украинаға қарсы 90 қанатты және баллистикалық зымырандарды, сондай-ақ 600 соққы беретін ұшқышсыз ұшақтарды қолданған.

Таңбалар: КиевЛавровРубиосоққы

Ұқсас мақалалар

Миллиондарынан айырылған Wildberries сатушылары нала білдіріп, Путинді қарғады
Дәулет

Миллиондарынан айырылған Wildberries сатушылары нала білдіріп, Путинді қарғады

19.07.2026
Украина Ресейдің стратегиялық Ту-95 зымыран тасығышын жойып жіберді
Жаңалықтар

Украина Ресейдің стратегиялық Ту-95 зымыран тасығышын жойып жіберді

17.07.2026
Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist