25 Тамыз, 10:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Странджа-2023»: Қазақ боксшыларының кешегі көрсеткіші – 2:6! (видео)

24 Ақпан 2023 10:05
- Жаңалықтар, Сайыс
«Странджа-2023»: Қазақ боксшыларының кешегі көрсеткіші – 2:6! (видео)
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СОФИЯ. 24 ақпан. Софияда өтіп жатқан «Странджа Кубогы-2023» халықаралық турнирінің кешегі шайқастарында біздің 2 боксшы жеңіп, 6 спортшы жарыс жолынан шығып қалды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Қазақстанның ерлер құрамасы Софияда (Болгария) өтіп жатқан «әлемнің кіші чемпионаты» атағы бар «Странджа» халықаралық турнирінде тоғызыншы боксшысын үміткерлер сапынан жоғалтты», – деп хабарлады сайт.

Күндізгі сессияны бізден 51 килоға дейінгі салмақтағы Кенже Мұратұлы ашты. Бірақ турнирге келгелі бірінші рет рингке көтеріліп тұрған өзі қарсыласынан жеңіліп тынды. Төрешілер жеңісті бір ауыздан үнділік Бишмавитре Чонхгамға берді. Ал біздің белді боксшыларымыздың бірі – Абзал Құттыбеков (92 кг) грузиялық Артем Иорданянмен ұрысында рефери тарапынан үш рет ескерту алып, дисквалификацияға ұшырады.

Кешкі сессияда 48 килоға дейінгі салмақтағы Ернұр Қайрат грузин Лука Кублашивилиден ұпай бөлісімен жеңіліс тапты. Бұдан әрі 67 килоға дейінгі салмақтағы Темірхан Тезек өзбек Бекзод Хамидовке тап солай жол берді. Ал 86 килоға дейінгі салмақтағы Бекзат Таңатар кезекті «эль-классикода», яғни «өзбек-қазақ дербиінде» Шохжахон Абдуллаевтан осалдық танытты.

Ең соңында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев ежелгі қарсыласы, өзбек Баходир Жалоловпен шайқас алдында белгісіз себептермен сайыстан шығып қалды.

Бұл күні Қазақстан құрамасы сапынан тек Оразбек Асылқұлов (57 кг) пен Бекзад Нұрдәулетов (80 кг) қана жеңіс тойын тойлады. Бұлардың біріншісі бразилиялық Луис Оливейраны төрешілердің бір ауызды шешімімен ұтып шықса, екіншісі сербиялық Артем Агеевті дәл солай тізе бүктірді.

Бұған қосарымыз, 2019 жылы әлем чемпионатының «алтынын» жеңіп алған Бекзад Нұрдәулетов кейін кәсіпқойлар лагеріне ауысып кеткен еді. Онда 6 рет рингке шығып, бәрінде де жеңіске жеткен, 2 дүркін қарсыластарын нокаутпен ұтқан саңлақ жақында әуесқойлар сапына қайта оралды. Ал оның бүгінгі бәсекелесі – негізі ресейлік, Мәскеу түбіндегі Серпухов қаласында туып өскен Агеев өткен жылы мамыр айында Ереванда өткен құрлық чемпионатында Сербияға Еуропаның «алтынын» алып берген болатын.

Бұларға тағы бір қосарымыз: Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов бұл турнирге тәжірибе жината беру мақсатымен негізінен терме жамағатымыздың үшін-төртінші лектегі былғары қолғап шеберлерін алып барды. Шынын айтқанда, мына құрамдағы жігіттердің біразының аты-жөндеріне қалың жанкүйер қауымның басым бөлігі әлі жете таныс емес. Бұл ретте біз құрама сапынан Нұрқанат Райыс пен Қамшыбек Қоңқабаевтан басқа «бірінші нөмірлі» боксшыны көріп тұрған жоқпыз. Жоғарыда айтылған Бекзад Нұрдәулетов те кәсіпқойлар қатарына кеткеннен кейін бұл мезіреттен айырылып қалған, енді сол орынды қайтып алуы үшін оған әлі біраз тер төгуге тура келеді. Ал көп жылдардан бері Қазақстан чемпионатында кіл «медальдылар ауылынан» көрініп келе жатқан Абзал Құттыбеков командадағы екінші-үшінші лектегі мүшесі болып саналады.

Сонымен, турнирде – ертең жартылай финал. Жексенбі күні жарыс өз мәресіне жетеді.

Таңбалар: боксқазақ боксшыларыСтранджа-2023турнир

Ұқсас мақалалар

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті
Әлеумет

Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

09.07.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026
Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді
Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай Әлем кубогы екінші кезеңінің ең биік тұғырына көтерілді

21.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist