26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Иранда жанкүйерлер «Зенитпен» ойын кезінде Украинаға қолдау көрсетті

18 Ақпан 2023 20:41
- Жаңалықтар, Сайыс
Иранда жанкүйерлер «Зенитпен» ойын кезінде Украинаға қолдау көрсетті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТЕГЕРАН. 18 ақпан. Иранда Петербургтің «Зенит» футбол командасының ойыны кезінде жергілікті жанкүйерлер Украинаны қолдайтын перфоманс ұйымдастырды. Бұл туралы «Украина 365» телеграм-каналы хабарлады.

«Иран жанкүйерлері өз командалары Петербургтің «Зенитімен» өткізген жолдастық кездесуі барысында Украинаны қолдайтын әрекеттер көрсетті», – делінген хабарламада.

Бұл күні Нева жағалауынан келген клуб Тегеранның «Сепахан» командасымен күш сынасты. Екі команда да өз чемпионаттарында қазір көш бастап келеді.

Жалпы, Ресейдің Украинаға ашқан басқыншылық соғысына байланысты оқшаулауға түсіп қалған ресейлік футбол клубтары енді жалғасқалы тұрған чемпионаттарына дайындық шеңберінде әртүрлі «экзотикалық» жерлер тауып алуға мәжбүр болып жүр. Олармен көптеген елдердің командалары байланысқылары келмейтіні белгілі.

Кеше, 17 ақпан күні «Зенит» Тегеранда жергілікті «Сепаханмен» жолдастық кездесу өткізді. Алайда, Ресей Федерациясының қазіргі әрекеттеріне наразылар парсы елінде де аз емес екен.

Иран футбол фанаттары, өз елдері үкіметінің Мәскеумен достық қарым-қатынасты үзбей жалғастырып келе жатқанына қарамастан, Украинаны қолдайтындарын матч басталғаннан анық байқатты. Олар ойын кезінде трибуналарға Украина жалауларын жайып ұстап тұрды. Бұған қоса, өз елін басқыншы жаудан қорғап жатқан украиндарды қолдайтын ұрандар айтты.

Матч барысында «Сепахан» командасының футболшылары да қонақтарға жылы шырай таныта қоймады. Олар әр таймда петербургтіктер дарбазасына бір доптан салып, қорытындыда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Тағы бір айта кететін жайт, «Зенит» құрамындағы қазақстандық футболшы Нұралы Әліп кездесудің екінші таймында алаңға шықты.

Таңбалар: жанкүйерлерзенитиранУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist