Ресейдің басқыншы армиясы бес бағыт бойынша шабуыл жасап жатыр
КИЕВ. Ресейдің оккупациялық әскерлері кешелі бері Украина территориясына бес жақтан жаппай шабуыл жасауға кірісіп кетті. Бұл туралы «Европейская правда» хабарлады.
Украина армиясы тәулік тегершігінде 1 140 оккупантты опат қылып, 9 танк пен 19 артиллериялық жүйені талқандады.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы жаудың өткен тәулікте бүкіл ел аумағын жаппай атқылау астына алып, 106 ракета жібергенін баяндады. Зымырандардың бірқатары әдеттегідей азаматтық инфрақұрылымдарға бағытталған. Рашистер шабуыл кезінде 32 зениттік басқарылу қондырғысынан С-300 ракеталарын жөнелткен. Бұдан бөлек, 74 қанатты ракетамен атқылады, украин әскерлері бұлардың 61-ін әуеде жойып жіберді.
Бұған қоса, ресейлік оккупанттар авиациядан 29 соққы жасады, бұлардың 28-інде Иранның «Шахед-136» БпЛА дронын қолданды. Дұшпан сол сияқты 90-нан астам дүркін отты реактивті жүйеден атқылады.
Жау ұрыс қимылдары барысында адам күші және техника бірлігі жағынан айтарлықтай шығындарға ұшырып жатқандарына қарамастан, Купянск, Лиман, Бахмут, Авдеевка және Новопавловка бағыттарына шабуылға шығуларын тоқтатар емес.
Өткен тәулікте Украина Қорғаныс күштерінің бөлімшелері Луганск облысындағы Кременная, Шипиловка және Белогоровка, Донецк облысындағы Красная Гора, Бахмут, Ивановское және Парасковеевка елді мекендері ауданында оккупанаттар шабуылдарын қайтарды.
Украина Қарулы күштері 10 ақпанда Мелитопольге HIMARS-тан «шоу» жасап берді. Өте дәлдікпен барып түскен снарядтар орктардың әскери техникалары мен оқ-дәрілері сақталған қоймалардың күлін көкке ұшырды. Оның қуатты болғаны сондай, жақын маңдағы үйлердің бәрінің терезелері ұшып кеткен.
Осы кезге дейін РФ басқыншы армиясы өзінің 136 880 жауынгерінен өлідей айырылды.