Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Spiegel: Германия Украинаға бір рота «Leopard 2» танктерін жөнелтеді

БЕРЛИН. 25 қаңтар. Германия билігі Украинаға өзінің «Leopard 2» негізгі соғыс танкілерін жіберуге шешім қабылдады. Бұл туралы Spiegel хабарлады.

Неміс журналының жазуынша, әңгіме кемінде 14 дана соғыс машинасын, яғни бір танк ротасын аттандыру турасында болып отыр.

«Ел Үкіметі сондай-ақ басқа елдердің де Киевке өздерінің осы техника бірлігін берулеріне рұқсат етуді құп көреді. Германия танкілерді Бундесвердің (Германия Қарулы күштері) қоймасынан жөнелтеді. Содан кейін «Leopard 2» танкілерінің әлі пайдаланылмаған су жаңа түрлерін де беруі мүмкін», – деп жазады басылым.

«Германияның мұндай шешімге келуіне одақтастарының, соның ішінде АҚШ-тың берік позициясы әсер етті», – деп атап көрсетті басылым.

Ақ үй әкімшілігі де кеше Украина өзінің қазіргі заманғы «Abrams M1» танктерін жөнелтуге ұйғарым жасады. The Wall Street Journal газетінің Америка шенеуніктерінің мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып жазғанындай, бұл осы кездері Германиямен арада жасалған келісімнің бір бөлігі болып табылады. Атап айтқанда, Берлин тек Вашингтон өз танкілерін бергенде ғана «Leopard 2»-ні жөнелтетінін білдірген. Осы келісімге сәйкес, енді неміс тарапы Украина Қарулы күштеріне бастапқы жоспарластырғандай көлемде «Leopard 2» танктерін жіберіп қана қоймайды, сонымен бірге өзге елдердің өздерінде бар осындай танктерін берулеріне қарсы болмайды.

Кеше, 24 қаңтарда Польша Германиядан өзіндегі «Leopard» танктерін Украинаға беруге рұқсат сұраған болатын. Варшава тіпті оның алдында бұларды Берлиннің рұқсатынсыз-ақ бере беретінін жариялаған еді.

Польшадан бөлек, Финляндия, Испания, Дания және Нидерланд елдерінің үкіметтері де Киевке танктерін беруге даяр отыр, ал Норвегия жүдә 36 «Leopard»-ның 8-ін беруге құлшыныс танытты.

Қазір Бундесвердің еншісінде 320 «Leopard 2» танкісі бар. Бірақ олардың қаншасы соғысқа дайын екені әзірге белгісіз. Немістің «Rheinmetall» компаниясы «Leopard»-тың әртүрлі модификациядағы 139 танкісін беруге әзір тұрғанын баяндады.

Қаңтардың 20-сында НАТО өкілдерінің Германиядағы «Рамштайн» авиабазасындағы кездесуінде де бұл мәселе жан-жақты талқыланды. Бірақ қатысушылар онда ортақ бір мәмілеге келе алмаған еді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button