Ұлыбритания Украинаға 14 «Challenger 2» танкісін беретінін растады
ЛОНДОН. 16 қаңтар. Ұлыбритания үкіметі Украинаға 14 «Challenger 2» танкісін беретінін растады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Темза билігі бұған қосы 30-ға жуық өздігінен жүретін 155 мм калибрлі «AS90» артиллериялық қондырғысын (САУ) жөнелтетіндерін де мәлімдеді.
Атап өтілгендей, Ұлыбританияның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі шенеуніктері Ресейдің ұнжырғасын түсіріп, моральдық рухының басылып қалуына себеп болатын мұндай жағдайлар енді жиілей береді. Сондықтан Британия премьері Риши Сунак одақтастарын 2023 жылы соғыста барынша тиімді жетістікке жету үшін Украинаны қолдау жөнінде бұрын жоспарланып қойылған шаралары уақытында және кең ауқымда жүгізуге шақырды.
«Украинаға «Challenger 2» танктерін жөнелту Ұлыбритания тарапынан қолдау тактикасын өзгертудің басы болып табылады. 14 танктен тұратын эскадрилья таяудағы апталарда елген жіберіледі. Сол сияқты өздігінен жүретін, бес көздеушілі үлкен зеңбіректер – AS90 қондырғылары соның артынан барады деп күтілуде», – делінген хабарламада.
Bloomberg агенттігінің ақпарынша, сондай-ақ Германия федералды үкіметі алдағы аптада Украинаға батыс танктерін жеткізу жөніндегі шешімнің қабылданғанын жария етуі мүмкін.
Украина Сыртқы істер министрі Дмитро Кулеба қазірдің өзінде бес мемлекеттің Украинаға батыстың «Leopard 2» танктерін жеткізіп беруге уәде етіп отырғанын, олардың тек Германияның шешімін күтіп жүргендерін баяндады.