25 Тамыз, 17:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға қарсы шықты

18 Желтоқсан 2022 19:21
- Жаңалықтар, Қоғам
Қазақстан Ресейдің Украинадағы соғысын тоқтатуға қарсы шықты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 18 желтоқсан. Қазақстан БҰҰ-ның Ресейден Украинадағы басқыншылық соғысты тоқтатып, әскерін шығаруды талап еткен қарарына қарсы дауыс берді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады.

Қарар «Уақытша басып алынған Қырым автономиялы республикасы мен Севастополь қаласындағы (Украина) адам құқығының жағдайы» деп аталады. БҰҰ Бас ассамблеясы 15 желтоқсанда қабылдаған құжатты 82 ел қолдады, 14 ел қарсы шықты, тағы 80 мемлекет қалыс қалды.

Құжатқа қарсы дауыс бергендер қатарында Қазақстан мен Ресейдің өзінен бөлек, Беларусь, Куба, Никарагуа, Зимбабве, Иран, Қытай, Солтүстік Корея, Мали, Судан, Эфиопия, Сирия, Эритерия сияқты мемлекеттер бар.

«Неміс толқынының» жазуынша, құжатта түбек бойынша бұған дейін қабылданған қарарларда айтылған жайттардан бөлек, Ресейдің Украинаға басқыншылық жасау мақсатында Қырымды пайдалануын айыптау да бар. Қарар Ресейді «Украина мен украиналықтарға өшпенділік тудырды, Кремльдің Украинаға басқыншылығын ақтайтын жалған ақпарат таратты» деп айыптайды.

БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымда белсенділерді қудалау мен азаматтарды күштеп көшіру, адам ұрлау, «тазалау» әдістеріне жол беруге болмайды деп санайды. Қарар «Ресейден Украинаға басқыншылығын дереу тоқтатып, әскерін Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған шекарасынан тыс жерге алып кетуді» талап етеді.

«Ресейдің одақтасы Қазақстан Кремльдің Украинаға басқыншылығын қолдаған жоқ, ашық айыптамаған да. Қазан айында Ресей аннексиясын айыптаған резолюцияға дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалған. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «қалыс қалу деген де БҰҰ-да қарастырылған ұстаным, Қазақстан стратегиялық нейтралитет ұстанады» деп мәлімдеген. Бұл жолғы дауыс беруіне байланысты Қазақстан СІМ түсініктеме бермеді», – делінген хабарламада.

Таңбалар: БҰҰҚазақстанқарарРесей басқыншылары

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026
Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы
Дәулет

Wildberries заттарын Қазақстан, Өзбекстан және Беларусь қоймаларына апарып жасырмақшы

05.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist