18 Қазан, 09:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ӘЧ-2022: Топтық турнир аяқталды. Плей-офф кезеңі келді

3 Желтоқсан 2022 16:34
- Жаңалықтар, Сайыс
ӘЧ-2022: Топтық турнир аяқталды. Плей-офф кезеңі келді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ДОХА. 3 желтоқсан. Өткен түнде Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық турнирі аяқталып, бүгін плей-офф кезеңіне кезек келді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Кеше түнде мундиалдың топтық іріктеу турнирінің соңғы матчтары ойналды. Олардың қорытындысы бойынша 1/8 финалдық плей-офф ойындарына қатысатын құрамалардың аттары толық белгілі болды.

Алдымен кешке, Астана уақытымен сағат 21:00-де H тобындағы Корея – Португалия, Гана – Уругвай командалары өзара ұшырасты. Бұларда корей футболшылары португалдарды 2:1, уругвайлықтар ганалықтарды 2:0 есептерімен жеңді. Осылайша топтан мұның алдындағы 2 ойынның нәтижелерімен 6 ұпай жинаған шығып қойған Португалия құрамасына қатарына Корея терме жамағаты қосылды. Корейлер турнирде Уругваймен бірдей 4 ұпай ала алды. Екі жасақтың өзара кездесулері де тең аяқталған (0:0). Екеуінің де доп айырымдары бірдей (4:4, 2:2). Сонда Сеулдің сарбаздарының бәсекелестерінен 2 голды артық соққандары жәрдемге келіп, 2-орынға солар жайғасты.

Түнгі сағат 01:00-де басталған G тобындағы Сербия – Швейцария, Камерун – Бразилия құрамалары арасындағы ойындарда да тең ойын тіркелген жоқ. Нәтижесінде Швейцария (3:2), Камерун (1:0) командаларының әрбірі 3 ұпайға ие болды. Мұнда да бұған дейін 6 ұпаймен топтан шығып алған Бразилия құрамасы португалдар секілді алаңға екінші құрамын шығарды. Сайып келгенде, оның сапына швейцариялық футболшылар қосылды.

Енді іріктеу турнирінің топтардағы қорытынды кестелерімен таныс болыңыздар:

А тобы. 20 қараша. Катар – Эквадор 0:2.  21 қараша. Сенегал – Нидерланд 0:2.  25 қараша. Катар – Сенегал 1:3, Нидерланд – Эквадор 1:1.  29 қараша. Нидерланд – Катар 2:0, Эквадор – Сенегал 1:2.

B тобы. 21 қараша. Англия – Иран 6:2. 22 қараша. АҚШ – Уэльс 1:1.  25 қараша. Уэльс – Иран 0:2.  26 қараша. Англия – АҚШ 0:0.  30 қараша. Уэльс – Англия 0:3, Иран – АҚШ 0:1.

C тобы. 22 қараша. Аргентина – Сауд Арабиясы 1:2, Мексика – Польша 0:0.  26 қараша. Польша – Сауд Арабиясы 2:0.  27 қараша. Аргентина – Мексика 2:0.  1 желтоқсан. Польша – Аргентина 0:2, Сауд Арабиясы – Мексика 1:2.

D тобы. 22 қараша. Дания – Тунис 0:0.  23 қараша. Франция – Австралия 4:1.  26 қараша. Тунис – Австралия 0:1, Франция – Дания 2:1.  30 қараша. Австралия – Дания 1:0, Тунис – Франция 1:0.

E тобы. 23 қараша. Германия – Жапония 1:2, Испания – Коста-Рика 7:0.  27 қараша. Жапония – Коста-Рика 0:1.  28 қараша. Испания – Германия 1:1.  2 желтоқсан. Жапония – Испания 1:0, Коста-Рика – Германия 2:4.

F тобы. 23 қараша. Марокко – Хорватия 0:0.  24 қараша. Бельгия – Канада 1:0.  27 қараша. Бельгия – Марокко 0:2, Хорватия – Канада 4:1.  1 желтоқсан. Канада – Марокко 1:2, Хорватия – Бельгия 0:0.

G тобы. 24 қараша. Швейцария – Камерун 1:0.  25 қараша. Бразилия – Сербия 2:0.  28 қараша. Камерун – Сербия 3:3, Бразилия – Швейцария 1:0.  3 желтоқсан. Сербия – Швейцария 2:3, Камерун – Бразилия 1:0.

H тобы. 24 қараша. Уругвай – Корея 0:0, Португалия – Гана 3:2.  28 қараша. Корея – Гана 2:3.  29 қараша. Португалия – Уругвай 2:0. 2 желтоқсан. Корея – Португалия 2:1, Гана – Уругвай 0:2.

 

1/8 финал. Плей-офф матчтары

(Астана уақытымен)

3 желтоқсан. 21:00.  Нидерланд – АҚШ

4 желтоқсан. 01:00.  Аргентина – Австралия

21:00.  Франция – Польша

5 желтоқсан. 01:00.  Англия – Сенегал

21:00.  Жапония – Хорватия

6 желтоқсан. 01:00.  Бразилия – Корея

21:00.  Марокко – Испания

7 желтоқсан. 01:00.  Португалия – Швейцария

 

Матчтардың бәрі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрстіледі

 

 

Таңбалар: әлем чемпионатыКатарфутбол

Ұқсас мақалалар

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді
Жаңалықтар

Дастан Сәтбаев «Бернли» сапындағы бірінші ойынын ойнады

23.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist