Ресей басқыншылары өткен тәулікте тағы 650 жауынгерін жоғалтты
КИЕВ. 2 желтоқсан. РФ оккупациялық армиясы кеше, 1 желтоқсан күні тағы 650 баскесерінен айырылды. Бұл туралы «Стопкор» хабарлады.
Бейсенбі күні оккупанттар Бахмут және Лиман бағыттарында мейлінше көбірек шығынға ұшырады. Запорожье облысында да айтарлықтай қауырт соққылар алды. Осылайша 650 сарбазын оққа байлап тынды. Сол сияқты 1 танк пен 6 жауынгерлік бронды машинасы жойылды.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы ресейліктердің 24 ақпаннан бері украин жерінде бақилыққа аттанған жауынгерлерінің саны осымен 90 мыңнан асып түскенін жеткізді.
«Украина Қарулы күштері майданның барлық даласында ресейлік оккупанттарды жоюды жалғастырып келеді. Тек өткен тәулікте ғана 650 оккупанттың көзі құртылды. Ресей Федерациясы Украинаға кең ауқымда басып кіргелі бері оккупациялық әскерлер 90 мыңнан астам адамын жер қойнына берді», – делінген хабарламада.
РФ армиясы осы кезге дейін мұншама шығынға ұшырады
Жеке құрам – 90 090 адам;
танктер – 2 916;
жауынгерлік бронды машиналар – 5 883;
артиллериялық жүйе – 1 905;
РСЗО – 395;
ПВО құралдары – 210;
ұшақтар – 280;
тікұшақтар – 262;
автомобильдер және автоцистерналар – 4 464;
кемелер/катерлер – 16;
БПЛА (дрондар) – 1 564;
арнайы техникалар – 163;
қанатты ракеталар – 531.
Бас штаб бұдан бұрын Ресей оккупанттарының Запорожье облысының кейбір елді мекендерін тастап шығып жатқандарын хабарлаған еді.
Суретте: Gepard танкісінің жанында Германия канцлері Олаф Штоьц