Украина Қарулы күштері тәулікте 330 оккупантты ажал құштырды
КИЕВ. 20 қараша. Украина әскерлері өткен тәулікте 330 ресейлік басқыншыны жер жастандырып, 1 танк пен 2 жауынгерлік машинаны талқандады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Осы кезге дейін оккупанттардың украин жерінде қалған өлігі 84 мыңнан асты.
20 қарашаға дейін ахуал бойынша, РФ армиясы Украина территориясында 84 210 солдатты, 2 886 танкіні, 5 817 жауынгерлік бронды машинаны және 1 868 артиллериялық жүйені жоғалтып алған.
«Украина Қарулы күштері Ресейдің оккупациялық әскерін майданның барлық бөліктерінде жоюды жалғастырып жатыр. Тек соңғы, 19 қараша күні ғана 330 оккупанттың көзі жойылды. Сондай-ақ 1 танк пен 2 жауынгерлік бронды машина құртылды», – делінген хабарламада.
Ақпанның 24-нен 20 қарашаға дейін Ресей армиясы шамамен мынадай шығындарға ұшырады:
жеке құрам – 84 210 адам,
танктер – 2 886,
бронды машиналар – 5 817,
артиллерия – 1 868,
РСЗО – 393,
ПВО құралдары – 209,
ұшақтар – 278,
тікұшақтар – 261,
дрондар – 1 537,
қанатты ракеталар – 480,
кемелер/катерлер – 16,
автомобиль мен автоцистерналар – 4 371,
арнайы техникалар – 160.