Запорожье облысында жалған референдум өткізушілер анықталды
КИЕВ. 19 қараша. Украина Қауіпсіздік қызметі Ресей армиясы уақытша басып алған Запорожье облысында жалған референдум өткізгендердің аты-жөндерін анықтады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қауіпсіздік қызметі РФ уақытша басып алған Запорожье облысының территориясында жалған референдус өткізуді ұйымдастырған 11 адамның аты-жөнін мағлұм етті. Екіжүзді қаскөйлер Энергодарда, Мелитопольде және Каменка-Днепровскіде агрессорлар құрған «территориялық сайлау комиссияларының» құрамдарына кірген. Әшкере болған он бір коллаборанттың төртеуі «территориялық сайлау комиссиясының» басшысы деп аталатын «лауазымды» қызмет атқарған.
Оккупацияға ұшыраған қалаларда тап осылар үгіт жұмыстарын жүргізіп, фейк плебисцитке қолдау көрсеткен, жұртты сайлауға белсене қатысуға шақырған. Олардың Кремль берген нұсқау бойынша жұмыс істеп, РФ насихатшыларымен бірлесе тірлік еткендері анықталды. Қаскөйлер сондай-ақ жергілікті тұрғындардың жеке тұлғалық мәліметтерін жазып алып, оларды сайлаушылар тізімін жасау үшін пайдаланған, соңынан солардың аттарынан өздері дауыс берген.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері коллаборанттары мен олардың кремльдік кураторларының қылмысты әрекеттерін құжатқа түсірді. Қазір қаскөйлерді жауапқа тартудың әрекеттері жасалып жатыр.
Запорожье облысында псевдо референдумді өткізуді ұйымдастырушылары мыналар: