Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Қазақстанның 3 боксшысы Азияның ерлер арасындағы чемпионы атанды

АММАН. 12 қараша. Иорданияның байтағы – Амман қаласында бүгін мәреге жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасының 3 мүшесі чемпион атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Чемпиондықты Санжар Ташкенбай (48 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) жеңіп алды. Ал қарсыластарынан ұтылып қалған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) күміс медальмен тоқталды.

Бұған дейін жартылай финалда жарыстан шығып қалған  Саматәлі Төлтаев (60 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Сағындық Тоғайбай (86 кг) қола медальды қанағат тұтуға мәжбүр болған еді.

Финалдық жекпе-жектер мынадай нәтижелер әкелді:

48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Аратаке Казума (Жапония) 5:0

51 кг. Хасанбой Дусматов (Өзбекстан) – Сәкен Бибосынов (Қазақстан) 4:1

54 кг. Карло Паалам (Филиппин) – Махмуд Сабырхан (Қазақстан) 4:1

57 кг. Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Серік Теміржанов (Қазақстан) 4:1

60 кг. Мохаммад Абу Жажен (Иордания) – Байархуу Буяндалай (Моңғолия) 5:0

63,5 кг. Руслан Абдуллаев (Өзбекстан) – Шива Тапа (Үндістан) RSC2,

67 кг. Бунжонг Синсири (Таиланд) – Дулат Бекбауов (Қазақстан) 3:2

71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) – Зейад Ейшхайш (Иордания) 3:2

75 кг. Саидэамшид Жафаров (Өзбекстан) – Нұрқанат Райыс (Қазақстан) 5:0

80 кг. Хуссейн Ейшайшхашин (Иордания) – Одилжон Аслонов (Өзбекстан) 4:1

86 кг. Жаккопонг Йомхот (Таиланд) – Одаи Рияд Аделхиндави (Иордания) 4:1

92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) – Мәдияр Саидрахимов (Өзбекстан) 5:0

+92 кг. Лозизбек Мулложонов (Өзбекстан) – Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақтан) 5:0.

 

Командалық есеп бойынша чемпионат қорытындысы:

Ор     Құрамалар Алтын медаль Күміс медаль Қола медаль Жиыны
1 Өзбекстан           5           2           3    10
2 Қазақстан          3           6           3    12
3 Иордания          2           2           1      5
4 Таиланд          2      2
5 Филиппин          1      1
6-7 Моңғолия           1          4      5
6-7 Үндістан           1          4      5
8 Жапония           1          1      2
9 Қырғызстан          4      4
10-11 Иран           2      2
10-11 Тәжікстан           2      2
12-13 Пәкістан           1      1
12-13 Тайпей           1      1

 

Спорт мамандары мен жанкүйерлер бұл жолы да Қазақстан және Өзбекстан боксшыларының өзара жекпе-жектеріне айрықша назар аударды. Көріп тұрғандарыңыздай, финалда өзбек былғары қолғап шеберлері 4:1 есебімен басым түсті. Алайда, бұған дейінгі іріктеу сайыста және жартылай финалдық шайқастарда қазақ спортшылары 3:0 етіп ұтып шыққан еді. Атап айтқанда, 1/8 финалда Санжар Тәшкенбай Асилбек Жалиловты (5:0), жартылай финалда Махмуд Сабырхан Шахзод Музафаровты (5:0) және Дулат Бекбауов Асадхужа Муйдинхужаевты (3:2) тізе бүктірді. Сонымен, бұл жолы таразы басы тең кетті – 4:4!

Енді еске түсіре кетейік, бұдан екі жыл бұрын, 2021 жылдың мамыр айында Дубайда өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірде-бір алтын медаль ала алмаған еді. Онда 6 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жинаған Өзбекстан құрамасы талассыз командалық бірінші орынға шықты. Екінші орынға 3 алтын, 2 қола медальды олжалаған Моңғолия боксшылары орналасты. Үшінші орынға 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальмен Үндістан командасы жайғасты. Ал 5 күміс және 1 қола медальға ғана қолы жеткен Қазақстан жасағы төртінші орынмен шектелді. Күміс медальды Даниял Сәбит (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Василий Левит (91 кг) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) омырауларына тақса, қола медальға Сәкен Бибосынов (52 кг) ие болды. Сонда тек Левит қана үнді боксшысына (Санжит) есе жіберіп қойды, қалған жігіттердің бәрінің тауы өзбек боксшылары алдында жығылды, атап айтқанда, Сәбит – Нодиржон Мирзахмедовтен, Жүсіпов – Бобо-Усмон Ботуровтан, Аманқұл – Саиджамжид Жафаровтан, ал Қоңқабаев – Баходир Жалоловтан ұтылды. Мұның арғы жағында, Махмуд Сабырхан (56 кг) 1/4 финалда Миразизбек Мирзахолиловтан жеңіліп қалған еді. Осылайша, өзбектер сол жолы 5:0 есебімен ұтып кеткен болатын.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button