Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Иркутск облысындағы шақырылым бекетінде әскери комиссар атылды

ИРКУТСК. 26 қыркүйек. Бүгін Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Илимск қаласында әскерге жастарды шақырумен айналысып отырған әскери комиссар атылды. Бұл туралы «Тайга.инфо» хабарлады.

«25 жастағы Руслан Зинин Усть-Илимскіде әскери комиссар Александр Елисеевті 26 қыркүйек күні тура шақырылым бекетінде атты. Қазір әскери қызметкер ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр», – делінген хабарламада.

Зинин қойнынан шолақ мылтығын шығарып, атпас бұрын: «Қазір бәріміз үйге барамыз» деген екен. Мұны РБК тілшісіне оқиғаны өз көзімен көрген Сергей Шевченко айтып берген. Ол: «Бүгін шамамен 11:40 шамасында әскери комиссариатқа келіп, құжаттарымызды бердік. Сағат бірде әскери комиссар бәрімізді акт залына ертіп әкеліп, елдегі жағдай туралы, өзінің отан тапсырмасын қалай орындап жатқаны сияқты бірдеңелерді айта бастады. Сол кезде бұл жігіт атып тұрып, комиссардың жанына барды да: «Қазір бәріміз үйге барамыз» деп алып, оны кеудесінен бірнеше рет атты. Екінші оқтан кейін мен қашып шықтым», – деді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына дерек берушілер Русланды жақсы жігіт ретінде атап өткен. Анасының айтуынша, ол «өзінің бұрын әскер қатарында болған ең жақын досына шақыру қағазы келгеніне қатты қапа болған».

Қазір күдікті қолға түсіп, қамауға алынған.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button