11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Баян Алагөзова: Қолымнан келгенше адамдарға көмектесіп тұрғым келеді

12 Қыркүйек 2026 12:56
- Әлеумет, Жаңалықтар
Баян Алагөзова: Қолымнан келгенше адамдарға көмектесіп тұрғым келеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 12 қыркүйек. Белгілі продюсер, киноактриса Баян Алагөзова қолынан келгенінше жұртқа көмек қолын созып жүргісі келетінін жеткізді. Бұл туралы Aikyn.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Продюсер мұндай пейілі жайында журналист Аман Тасығанға берген сұхбаты барысында білдірді.

Оның айтуынша, адам жағдайы болса, қолындағы дүниесін өзгелермен бөлісуі керек. Өзі қолынан келгенше адамдарға көмектесіп жүргенін, алайда оның бәрін айтуды жөн көрмейді.

«Адам өзінен артылып жатса, басқалармен бөлісуі керек деп есептеймін. Өзім қолымнан келгенше адамдарға көмектесемін. Қазір күн сайын көптеген адам жағдайын айтып, көмек сұрап келеді. Күн сайын. Алайда бәріне бірдей көмектесе алмайсың. Дегенмен қолымнан келгенше күнде жақсылық жасап, көмек көрсеткенді жөн көремін», – дейді продюсер.

Баян Алагөзова Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға жария түрде жақсылық жасауының өзіндік астарлы себебі бар екенін айтты.

«Мұны басқаларға үлгі болсын деп жасадым. Біріншіден, Майя Бекбаевамен болған сұхбатта пәтері жоқ екені ашық айтылды. Соны көргеннен кейін «Бұл маған белгі, көмектесуім керек» деп бірден шешім қабылдап, күйеуіме айттым. Ол қолдау білдірді. Екінші жағынан, басқаларға үлгі болсын деп жасадым. Елімізде бай адамдар көп. Алайда қолындағын бөліскісі келмейтіндер бар. Неге екенін түсінбеймін, бөліскілері келмейді. Соларға үлгі болсын дедім. Бізде талай жыл театрда, мәдениет саласында еңбек етіп, қазір баспанасы, жағдайы болмай жүрген тұлғалар бар. Олар басқа жағдайда өмір сүруі керек деп ойлаймын», – дейді продюсер.

Баянның әкесі – Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов 1967 жылы Алматы эстрада-цирк өнері студиясын бітірген. Бұдан кейін Орал облыстық филармониясында, сосын Қазақ КСР Мемлекеттік ән-би ансамблінде әнші болған. Оның салған әндері Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы тұр.

Бірақ көп ұзамай Мақсат Зайлағиұлы әншілік өнерден бас тартып, дыбыс режиссурасы саласында қызметке ауысады. Ол 1970 жылдардан қазақ жеріндегі бірден-бір мекеме – «Алматы граммофондық жазу студиясында» жұмыс істейді. Қырық жылдай фольклорлық ән-жыр, күйлер мен қазақ эстрадасының үздік әндерін таспалады. Кеңес өкіметі қазақтың эпостық жырларына тыйым салса да тәуекелге барып, әйгілі «Қарасай-Қази» және «Ер Едіге» дастандарын жыршылардың өз аузынан таспаға түсірді. Бұл сол заман тұрғысынан үлкен ерлік болатын. Ол дыбыс режиссері ретінде әйгілі күйші Дина Нұрпейісованың күйлері мен бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың орындауындағы әндердің бүгінгі күнге жетуіне зор еңбек сіңірді. Атақты композиторлар Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованың классикалық шығармаларын, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Қаршыға Ахмедияров, Қайрат Байбосынов сияқты қазақ өнері майталмандарының әндерін таспаға басты. Сондай-ақ Құрманғазы атындағы мемлекеттік оркестрі, «Сазген сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, Атырау халық аспаптар оркестрінің күйтабақтарын жазды. Замандастары осы еңбегі үшін Мақсат Мұхитденовті «Қазақ фонотекасының атасы» деп атады.

Қырғыз халқының атақты «Манас» жырын таспаға түсіргені үшін Мақсат Мұхитденов «Қырғыз Республикасының Еңбегі сіңген қайраткері» деген атаққа ие болды.

«Қазаққа жақын, қазақтың менталитетіне жақын ән шығару үшін ол адам қазақ болуы керек» деп өзі айтқандай, атаның емес, ұлтының ұлы болған Мақсат Мұхитденов 2023 жылы 76 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Таңбалар: Баян АлагөзовакөмекМақсат Мұхиденов

Ұқсас мақалалар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды
Жаңалықтар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды

04.07.2026
Трамп Қытайдан келетін тауарларға 100% баж салығын салды
Жаңалықтар

Трамп Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатамын деп әлек салды

02.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist