ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Украина әскерлері HIMARS-пен Қырымға соққы беруге дайын тұр

КИЕВ. 17 шілде. Украина барлау қызметі Қарулы күштердің америкалық ракеталармен Қырымға соққы беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы The Moskow Times хабарлады.

«Қырымдағы Ресей нысандары украин әскерилерінің нысанасына айналуы мүмкін. Оларға шабуыл жасауда америкалық HIMARS жүйесі пайдаданылады», – деді Украина Қорғаныс министрлігі бас штабының өкілі Вадим Скибицкий.

Оның айтуынша, қазір бұл түбек Ресейдің Украинаның оңтүстігіне әкелетін барлық қару-жарақтарының орталығы қызметін атқарып келеді. Бұдан бөлек, Ресей әскерлері Қара теңіз акваториясынан украин қалаларын атқылап жатыр.

«Бұлар – ең алдымен осында тұрақты жауынгерлік кезекшілік қызмет атқаратын, сосын мезгілдің қай уақыты екеніне қарамастан үнемі бұйрық күтіп тұратын «Калибр» жүйесі, фрегаттар, шағын ракета корабльдері, сүңгуір қайықтар. Есесіне бұлардың бәрі біздің азаматтарымыздың, нысандарымыздың және жалпы Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бір жерден жойып жіберуімізді қажет ететін нысаналардың бірі болып табылады», – деді Скибицкий.

Америкалық ракеталардың арқасында Украина Қарулы күштері екі аптаның ішінде РФ армиясының 30 логистикалық нысанын жойып жіберіп, жаудың шабуыл жасаушылық қарқынын біраз басып тастады.

Украина билігі енді HIMARS-тың 300 шақырымға дейін жететін версиясын алудан үміттеніп отыр. Бұл жағдайда да Киев Ресей территориясына шабуыл жасамауға уәде береді.

Украина ресми тұлғалары Украина Қарулы күштерінің Қырым көпірін ракетамен атқылайтынын бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын. Украина Қарулы күштерінің генерал-майоры Дмитро Марченко оны батыстан алысқа ататын қару алғаннан кейінгі нөмірі бірінші нысана болатынын атап көрсетті. Ал Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников АҚШ қаруының Киевке Қырым мен Донбасты қайтарып алуға мүмкіндік беретінін ашып айтты.

 

Түпнұсқа

Украинская разведка заявила о готовности ВСУ ударить американскими ракетами по Крыму

Российские объекты в Крыму могут стать целью для украинских военных. Для атаки будут использованы американские системы HIMARS, сообщил представитель Главного управления разведки Минобороны Украины Вадим Скибицкий.

По его словам, сейчас полуостров выполняет функцию хаба для транспортировки всей российской техники и оружия в южные регионы Украины. Помимо этого, из акватории Черноморского флота российские военные обстреливают украинские города.

«Прежде всего, это системы «Калибр», фрегаты, малые ракетные корабли, подводные лодки, которые на постоянной основе несут боевое дежурство, ждут команды, а затем проводят пуски, несмотря на время суток. Зато, это тоже одна из целей, которые необходимо поразить, чтобы обеспечить безопасность граждан, наших объектов и вообще Украины», — сказал Скибицкий.

Благодаря американским ракетам ВСУ за пару недель уничтожила 30 логистических объектов армии РФ, что значительно снизило ее наступательный потенциал.

Сейчас США поставляют Украине ракетные установки с дальностью до 80 километров. Украинские власти надеются, что им начнут присылать версию HIMARS с дальностью поражения до 300 километров. При этом Киев настаивает, что не будет атаковать российские территории.

Украинские официальные лица неоднократно говорили, что ВСУ могут ударить ракетами по Крымскому мосту. Генерал-майор ВСУ Дмитрий Марченко называл его целью номер один после получения западного дальнобойного оружия. Министр обороны Украины Алексей Резников отмечал, что американское вооружение поможет Киеву вернуть Донбасс и Крым.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button