АймақЖаңалықтар жаңғырығы
Өзбекстан жерінде Ауғанстанннан келген бес снаряд жарылды
ТАШКЕНТ. 6 шілде. Өзбекстанның Сухандария облысында Ауғанстаннан жіберілген 5 снаряд жарылды. Бұл туралы Podrobno.uz хабарлады.
«Ауғанстаннан Өзбекстандағы бес реактивті снаряд ұшып келді. Олардың бірі футбол алаңына барып түсті», – делінген хабарламада.
Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шамамен Ауғанстан жағынан ұшып жеткен снаряд 5 шілде күні сағат 16:20 шамасында Өзбекстанның шекаралық аумағына келіп түскен.
Атап айту керек, снаряд жерге түскеннен кейін жарылмаған, соның нәтижесінде адам шығыны мен қиратынды орын алмаған.
Саперлер бес снарядты да залалсыздандырды.
Қазіргі таңда Өзбекстанның білікті органдары ауған тарапымен келісіп, аталмыш инциденттің себебін анықтауға байланысты қажетті шараларды қарастырып жатыр.