Жаңалықтар жаңғырығыТаным

Қазақстан: Украинадағы ахуалдан кейін ядролық қаруға тыйым салу керек

АСТАНА. 19 маусым. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украина территориясындағы жағдай ядролық қаруға тыйым салу қажеттігі жайлы ойлануға мәжбүр ететінін мәлімдеді. Бұл туралы «Рамблер.ru» хабарлады.

«БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш атап өткендей, бүгінде, бүкіл әлемде 13 400-ге жуық ядролық оқтұмсық жиналып қалған шақта, қырғи-қабақ соғыстың ең сұрғылт күндеріне қарағанда да, ядролық қаруды қолданудың мүмкіндігі шындыққа айналатындай кез келді. Украина территориясында болып жатқан қазіргі әскери жанжал, ядролық жағынан қарулануға қайта оралу мен ядролық соққы қолдану жөнінде бір-біріне қоқан-лоқы жасау бізді адамзаттың ең осал тұсы мен ажал оғын себетін бұл қаруға тыйым салу мен жою мәселесі туралы бұрынғы қай кездегіден де тереңірек ойлануда талап етеді», – деп жазды Тілеуберді қазақстандық Liter газетінде жексенбі күні жарияланған «Договор о запрещении ядерного оружия – новая реальность в процессе ядерного разоружения» деген мақаласында.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы 2022 жылғы 21-23 маусым күндері Венада ядролық қару саласына қатысты тарихи оқиға – Ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімшарт (ЯҚТК) елдерінің бірінші кездесуі өткелі тұрғанын еске салды.

«Біз ядролық державаларды қоса отырып, барлық мемлекеттерді БҰҰ-ның жүзжылдық мерекесіне, 2045 жылға дейін ядролық қаруларды кезең-кезеңімен толық жою жоспарын жасауға шақырамыз. Бұл мақсатқа жету жолындағы ұсыныстар мен келіссөздер ЯҚТК-ның бірінші конференциясыының қорытынды құжаттарынан көрінісін табады», – деп түсіндіреді Тілеуберді өз мақаласында.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл ізгілікті істің соңына жетудің жолында амбициялық мақсаттардан құралатын саяси және техникалық кедергілердің көп болатынын жақсы түйсінеді. «Енді бұл бағыттағы практикалық жұмыстарға кірісу қажет деп есептейміз», – деп түйіндейді Сыртқы істер министрлігінің басшысы соңынан.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button