Сенаттың жаңа депутаттары тіркелді
Тамыздың 13-і күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 12 тамыздағы Жарлығымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу, сондай-ақ олардың бірқатарының өкілдіктерін тоқтату жөніндегі отырысы болды. Бұл туралы Ақорда ақпарына сүйенген ras.org.kz хабарлады.
Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Президентінің бірқатар Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірқатар депутаттарының өкілдіктерін тоқтату туралы» қаулылар қабылданды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабы, 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, Шәкіров Асқар Оразалыұлы, Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы, Лукин Андрей Иванович, Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы, Сүлеймен Ләззат Жаңылысқызы, Нұржігітова Дана Өмірбайқызы, Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының мына депутаттары болып тіркелді:
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б. М. Имашев бірінші рет тағайындалып отырған депутаттарға куәлік пен төсбелгі тапсырды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден өткен депутаттар өздерінің өкілеттіктеріне кіріседі.
Отырыс барысында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әйтімова Бірғаным Сарықызының, Бейсенбаев Асқар Асанұлының, Громов Сергей Николаевичтің, Ким Георгий Владимировичтің, Құсдәулетов Дулат Рашитұлының, Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлының өкілеттіктерін тоқтату туралы қаулы қабылданды.
Бұдан бөлек, отырыс барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәкен Бақтияр Мәкенұлының өкілеттігін тоқтатуға алып баратын негіздің іске қосылғаны туралы қаулы және Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Маркова Антонина Михайловнаны қызметінен босату туралы қаулы қабылданды.
Айта кететін бір жайт, Қазақстан Республикасы Президентінің бұдан бұрынғы Жарлығымен Бейсенбаев Асқар Асанұлы Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.