18 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Пентагон Путиннің Украинадағы айуандықтары туралы қатты айтты

30 Сәуір 2022 20:39
- Жаңалықтар, Қайнар
Пентагон Путиннің Украинадағы айуандықтары туралы қатты айтты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАШИНГТОН. 30 сәуір. АҚШ Қорғаныс министрінің спикері Джон Кирби агрессор елдің лидері Владимир Путин жайлы қатты айтып тастады. Бұл туралы Obozrevatel хабарлады.

Ол сондай-ақ Ресей билігінің Украинаға басып кіруін «орыс тілді тұрғындарды қорғаумен» және «нацистермен» байланыстыруын толық сандырақ деп атап өтті.

Кирби Пентагонда берген брифингінде оккупанттар айуандығының сипаты РФ президентінің есі дұрыс және кемел адам екеніне күмән келтіретінін айтты.

Қорғаныс ведомствосының спикері журналистердің Путин жайлы сұрағына жауап бере келіп, оны тек қаны бұзылған адам деп бағалауға болатынын әңгімеледі. Ол ақыл-ойы, санасы және адамгершілігі бар адам Ресей оккупанттарының Украинадағы айуандықтарын ешбір ақтай алмайтынын мәлімдеді.

«Мен психолог емеспін, сондықтан Владимир Путиннің психологиясы тереңдеп кірмеймін. Оның Украинада істеп жатқандарына, оның әскерлерінің Украинада істеп жатқандарына қарау қиын, этикасы бар кез келген адам мұны ақтай алады деп ойлау қиын. Бірқатар көріністерге қарау, кез келген ақыл-ойы дұрыс, салиқалы, кемеліне келген басшы бұлай жасайды деп ойлау қиын. Мен оның психологиясы жайлы айта алмаймын, бірақ біздің бәріміз оның ниеті бұзық адам екенін айта аламыз деп ойлаймын», – деді Кирби.

Ол сондай-ақ Путиннің ойдан шығарып алған Украинадағы «нацистер» мен «орыстарды қолдау» деген ақталуларын сандырақ деп атады. Кирби сонымен бірге Путиннің бейбіт жұртты жаппай қырып жатқанын да ақтап алғысы келетінін айтып қайран қалды.

«Айталық, оның Украинадағы нацизм туралы сөздерімен келісу қиын, себебі, олар – сандырақ, гәп Украинадағы орыстарды қолдау туралы болып отыр, Украина ешқашан ешкімге қатер төндірмесе де, Ресейдің ұлттық мүддесін қорғау туралы болып отыр. Оның шын мәнінде Украинаның ішіндегі қолдары байланып тасталған жазықсыз адамдарды желкелерінен атып өлтіруін, әйелдерді, жүкті келіншектерді ауруханаларда бомбымен өлтіруін мұндай риторикамен байланыстыра қарастыру қиын», – деп ызасын білдірді Пентагон спикері.

Ресейдегілер Кирбидің бұл сөздеріне «ренжіп» қалыпты. Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов сол бойда Пентагон спикерінің үстінен «Путинді қорлайтын және ақылға сыймас» сөз айтты деген сыңайда шағым жасады. РФ сондай-ақ Кирбидің сөздерін «арандатушылық» деп бағалап, бұл соғыстың бар жауаптылығын Украина басшылығына аудара салды.

Тап осындай да арсыздық пен ұятсыздық болады екен-ау!

Еске сала кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский бұл соғыста Украина қолдау көрсетуге топ бастап келе жатқан АҚШ президенті Джо Байденге алғыс айтты.

Осы Байден бұған дейін екі рет көпшілік алдында Путинді «соғыс қылмыскері» деп айыптады. Мұндай айыпты таңушылар қатары қазір өте көп.

Халықаралық ұйымдар Владимир Путин мен оның жақын сыбайластарын, РФ-ның Украинадағы соғысқа қатысып жатқан бірқатар әскербасыларын Гаагадағы Халықаралық сотқа беру үшін айғақты материалдар жинап жатыр.

Таңбалар: айыпВладимир ПутинДжо Кирби

Ұқсас мақалалар

Путин Ресей жоғары оқу орындарын орыс тілін филологиядан бөлуге шақырды
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist